ҰСТАЗ БАРЫСЫ жарысы
“ҰСТАЗ БАРЫСЫ” жеңімпаздары анықталды.
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Білім және ғылым қызметкерлерінің Арыс қаласы кәсіподағының ұйымдастыруымен 2022 жылы 09 наурыз күні мектеп мұғалімдері арасында қазақ күресінен қалалық “Ұстаз барысы” жарысы болып өтті. Жарыс 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 салмақ дәрежесінде ерлер арасында өтті.
66 кг салмақ дәрежесінде:
III- орынды Отыншиев Сырым -Ж.Ташенов ат. жоббм иеленді.
90 кг салмақ дәрежесінде:
II-орынды Отарқұл Мұхамедәлі – Ж.Ташенов ат. жоббм.
100 кг салмақ дәрежесінде:
I-орынды Маханов Санжар – Ж.Ташенов ат. жоббм,
II- орынды Абдрахманов Болатбек- Ж.Ташенов ат. жоббм,
Барлық I- орын иеленген ұстаздар Түркістан қаласында 2022 жылдың 17-18 наурыз күндері өтетін облыстық жарысқа жолдама алды. Арыс қаласының намысын қорғайтын ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.