«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

 

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері боз кілемде белдесушілер көбейіп, төл спорт түрі ұлттық брендке айналды десек, артық айтпағанымыз болар. Бүгінде әлем назарын аударып отырған қазақ күресінің бәсі биік. Соңғы жылдары қазақ күресінің көкжиегі кеңейіп келеді. Осыған орай  Сауран ауданының  адами әлеуетті дамыту бөлімі, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің  жергілікты кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 наурыз күні жалпы орта мектептердің ұстаздары арасында қазақ күресінен аудандық іріктеу кезеңі «Ұстаз барысы» жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ерекшелігі мұнда кәсіби спортшылар емес, мектеп мұғалімдері, яғни, әдеттегідей кәсіби боз кілем шеберлері емес, мектепте балаларға сабақ беріп жүріп, спортты серік еткен жандар қатысты. Ерлер арасында әр түрлі салмақ дәрежелері бойынша өткізілген шара жоғары деңгейде өтті.

Боз кілем сайысында төрелік етуге арнайы әділқазылар алқасы шақырылды.

Сайыстың нәтижесі бойынша,

60 кг салмақ дәрежесінде I- орынды В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебі,

66 кг салмақ дәрежесінде Иқан жалпы орта мектебі,

74 кг салмақта Ескі Иқан жалпы орта мектебі,

82 кг салмақта М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі,

90 кг салмақ дәрежесінде №13 жалпы орта мектебі,

100 кг салмақта Ескі Иқан жалпы орта мектебі,

+100 кг салмақ М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері иеленді.

Бабы мен бағы қатар шапқан, жеңістің биік тұғырынан көрінген ұстаздарымызға Сауран ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима Абуталиповна құттықтау сөзін айтып, медальдарын тағып, кубокты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Әшімов Нуриддинге табыстады.

Ақтық сыңға шығып, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған ұстаздарымыз Түркістан қаласында 17-18 наурыз күндері өтетін  облыстық жарысқа жолдама  алды.

Ұлағатты да жеңімпаз ұстаздарымызға алдағы уақытта да жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы