«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

 

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 26 ақпан күні ауданымыздағы негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары арасында қазақ күресінен С.Айни атындағы №56 жалпы орта мектебінде «Ұстаз барысы» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш жарысқа барлығы 30-ға жуық негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары қатысып, мықтыны анықтады.

Бабы мен бағы қатар шапқан, жеңістің биік тұғырынан көрінген ұстаздарымызға аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған алғыс хаттары мен «Ұстаз барысы» жарысында «Түйе балуан» атанған ұстазға сыйлық табысталды.

Ақтық сыңға шығып, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған ұстаздарымыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі қарсаңында облысымыздың орталығы Түркістан қаласында өтетін жарысқа жолдама алды.

Тартысқа толы жарыста жүлделі орындарға ие болған және жеңімпаз атанған ұстаздар:

60 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – Қ.Абдраманов – Береке жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – Ғ.Мамешов – А.Тұяқбаев жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын – Ш.Тугушев – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

66 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – А.Дадаев – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – С.Журабаев – Әл-Фараби жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын – Н.Алтынбеков – Үлгілі жалпы орта мектебінің ұстазы

74 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – З.Эгамбердиев – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – Х.Базарбаев – М.Тұрсын-Заде жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын – ҚЕсжанов – Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінің ұстазы

82 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – С.Жайнаров – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – Д.Тойматов – М.Тұрсын-Заде жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын –Қ.Омаров – Т.Аубакиров жалпы орта мектебінің ұстазы

90 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – З.Зайров – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – Ф.Жайнаров – М.Тұрсын-Заде жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын –Н.Құдайбергенов – Береке жалпы орта мектебінің ұстазы

100 келі салмақ дәрежесінде:

І орын – Т.Нуров – Әл-Фараби жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – Ж.Карманов – В.Комаров жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын –С.Алимов – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

100 келіден ауыр салмақ дәрежесінде:

І орын – У.Ташкулов – Әл-Фараби жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІ орын – С.Сейткулов – Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінің ұстазы

ІІІ орын – Т.Киранов С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы

Қазақ күресінен ұстаздар арасында өткен жарыста «Түйе балуан» атанған С.Жайнаров – С.Айни жалпы орта мектебінің ұстазы.

Барша жеңімпаз болған ұстаздарымызға алдағы уақытта да жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы