Ұстаз барысы – 2025 турнирі

Ұстаз барысы - 2025 турнирі

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен “Ұстаз барысы – 2025” аудандық мұғалімдер арасында турнир болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысының м.у.а. А.Тангатаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Тешебаев мырзалар сөз сөйлеп жарысқа қатысушы балуандарға сәттілік тіледі.

7 салмақта өткен “Ұстаз барысы – 2025” 60 тан астам ұстаздар өтінім қалдырып қатысты.

Жүлделі 1,2,3, орындарға арнайы бірлескен “Дипломдар” Медаль, бағалы сыйлықтар және “Ұстаз барысы – 2025” атанған жеңімпаздарға “Кубок” белбеу, тапсырылды.

Тартысты да қызықты өткен аудандық ауқымды іс-шарадағы жеңімпаздар Облыстық балуандар сайысына жолдама алды.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.