“Ұстаз барысы-2025” турнирі

Жетісай ауданында 2025 жылдың 11 сәуір күні Түркістан облысы “Білім беруді дамыту орталығы” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жылда өтетін дәстүрлі “Ұстаз барысы-2025” қазақ күресінен облыстық жарыстың аудандық іріктеу кезеңі өтті. Жалпы жарысқа 7 салмақ дәрежесінде 22 палуан күш сынасты. Әр салмақтан жеңімпаз аталған палуандарымыз 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Отырар ауданында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Палуандарымызға сәттілік тілейміз!
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.