ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ.
ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ.
Түркістан шахарының төріндегі «Оқушылар сарайында» 03.10.2022 ж. күні Мұғалімдер күніне орай «ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ» тақырыбында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде болып өтті. Шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздар қауымы мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы облысымыздың жеткен жетістіктері туралы айта келіп, оның барлығы ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республикадағы 7500 мектептің «100 үздік мектебі» тізіміне облысымыздың 11 мектебі енсе, оқушыларымыз 6 халықаралық, 24 республикалық білім сайыстарына қатысты. Нәтижесінде аталмыш додаларда 25 алтын, 32 күміс, 64 қола медальға ие болды. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облысымызың оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте I орынға ие болды.
Ұстаздарымыз ұлықталған салтанатты жиынған Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек пен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысып отырды.
Мерекелік шара «Ұлы ұстаз – Әл-Фараби» сахналық қойылымымен жалғасып, ардагер ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Әншілер ән шырқаса, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен дүйім жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.