«Ұстаз – қоғам айнасы» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 03 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесіне орай білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын жас мамандар арасында «Ұстаз – қоғам айнасы» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып өткізілді.

Аудан деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген турнирге Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің жас мамандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Екі күнге созылған тартысты жарыста жеңімпаз болған, жүлдегер болған және түрлі деңгейдегі номинацияларға қол жеткізген жас мамандарға арнайы алғыс хаттар мен аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған бағалы сыйлықтары табысталды.

Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған турнирдің қорытындысына сәйкес жүлделі І орынды Мақтаарал мектеп-гимназиясының ұстаздары иеленді. ІІ орынды Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздар иеленсе, жүлделі ІІІ орынды Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі мен Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары иеленді.

Сонымен қатар турнир барысында жақсы жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарға арнайы номинациялар да табысталды. «Турнир жаңалығы» номинациясын – Береке жалпы орта мектебінің ұстаздары, «Үздік оратор» номинациясын – Жаңа жол жалпы орта мектебінің ұстаздары, «Үздік спикер» номинациясын –Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары, «Үздік талпыныс» номинациясын В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары, «Үздік кейс» номинациясын Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары иеленді. Және турнир барысында әділік төрелік жасағаны үшін «Үздік төреші» номинациясымен Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Е.Тағабаев марапатталды.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ұстаз – қоғам айнасы» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып өткізілді. «Ұстаз – қоғам айнасы» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып өткізілді. «Ұстаз – қоғам айнасы» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып өткізілді.