«Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара

 

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 1 қазан күні «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелері қарсаңында «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шараға  Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Кенжабаев, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мерекелік шараға келген барша негізгі және жалпы мектептердің директорлары мен ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелерге орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.

Сонымен қатар Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынуымен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың «Алғыс хаты» «Х.Доспанова атындағы №16 жалпы орта мектебінің директоры Б.Өстеновқа, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев пен облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің бірлескен «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» «В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің директоры З.Жаманқараева мен «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің директоры Г.Айнабековаға, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбеліглерін Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы К.Жораевқа, Жамбыл жалпы орта мектебінің директоры М.Сейдалиевқа, Тұрсын-Заде жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Сыдыковқа, облыстық кәсіподақ комитенің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен «АЛҒЫС ХАТТАРЫ» Мақтарал мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Кадыроваға, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.Ирзаеваға, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Мусабековаға, С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ф.Алимоваға, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Арыноваға, «Бәйтерек-Бақ» бала бақшасының меңгерушісі Б.Прановаға, «Би-Мардан» бала бақшасының меңгерушісі Р.Кубееваға аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов табыстады.

Білім беру саласына өлшеусіз еңбегің сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаздарымызға арнайы қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Наркенже Серікбаева, Асан Пердешов пен Мөлдір Бақытжанқызы ән шашуларын тарту етті.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдараламамен жалғасын тапты.

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері, барлықтарыңызды «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Мереке құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара