Ұстаз–ұлы тұлға
Ұстаз–әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі, қазіргі ахуалы-ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент пен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім-барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп-қисаптың қыр сырын үйретіп, он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды.
Осынау Ұстаздар күніне орай бүгін, яғни қазан айының 04 күні Ордабасы аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары дейгейді өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын арнап, ән шырқап өз өнерлерін көрсетсе, ұстаздарымыз да өз өнерлерін ұсынды.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімі А.Оралбаев және Түркістан облыстық білім басқармасынан арнайы келген өкілдер жүрек жарды құттықтауларымен білікті де белсенді мұғалімдерді Ыбырай Алтынсарин медалімен, Түркістан облысы әкімінің және білім басқармасының грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбек ауданымыздың белсенді кәсіподақ мүшелерін құттықтап, Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің Алғыс хатымен М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Сагымбекова Эльмира Агабековнаны, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалімен Қажымұқан атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Валиев Абай Тәжіханұлын, Құрмет грамотасымен Абай атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Сапарымбетова Дильбар Шатаевна мен М.Исламқұлов жалпы білім беру мектебінің директоры Акылбекова Жанар Сатановнаны, Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен «Мыңбала» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Өтеген Салтанат Төреханқызын, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Б.Төлепбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Ысқақ Нұрзина Арыстанбекқызын, А.Шерімқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Қазбек Данагүл Тұрсынқожақызын, Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Сапарова Перизат Смайловна, «Шолпан» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Алибекова Жанар Мырзахановна және «Балбөбек» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Есиркепова Гульназира Жамбулбаевналарды марапаттады.
Ұстаздар күні–барша ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Ұстаздар бізге тек ғылымды ғана үйретпейді, олар бізге өмірлік құндылықтарды бойымызға сіңіреді. Сіздерге деген шынайы алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге береке, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.