Әдістемелік жұмыстар жүргізілуде
Облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет мен облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек бірлескен іс шаралар жоспарына сәйкес, «Білім беру ұйымдарындағы басқару сапасы мен сапаны басқару менеджменті» тақырыбындағы кезекті әдістемелік десант 23-25 қараша күндері Арыс қаласында жүргізілуде. Бұл игі бастама облысымыздың бірнеше аудан, қалаларында жүргізілген болса, алдағы уақытта да өзінің жалғасын таппақ. Аталған іс шара аясында облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев Арыс қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларына және басшылардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Қолданыстағы еңбек заңнамасының негіздері» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.