Әдістемелік оқыту семинары
2023 жылғы 11-мамыр күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Жарғысының 3.18. пункітіне сәйкес және №19, 36 ақпараттық бюллетендерін басшылыққа ала отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің мәні, принциптері, мақсаты мен міндеттерін тиімді ұйымдастыру, жұмысын жетілдіру мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында әдістемелік оқыту семинарын өткізді.
Комиет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыстық кәсіподақ комитетінен келген №19, 36 ақпараттық бюллетендер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев семинарды қорытындылап, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда жұмыстың тиімді жолдары басты назарға алынып, әлеуметтік-әріптестік қатынаста жұмыс жасауды жүзеге асыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жандандыру және құжаттармен жүйелі жұмыс жүргізуге барынша назар аудару тапсырылды. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, кәсіподақ мүшелерінің жазғы сауықтыру жұмысын тиімді ұйымдастыруды жүктеп, бірқатар ағымдағы мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.