ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2023 жылдың 08 маусым күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.
Мерекелік іс-шараға “Аманат” партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі У.Исламова, аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ауданымыздың қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, әкелер мектебінің төрағасы Ш.Байтенов қатысып, ұстаздар мен өнерлі оқушыларымызды керемет мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді.
Сонымен қатар мерекелік шара барысында өнерлі оқушылардың жетекшілеріне Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.