«Өнерлі ұстаз» байқауы

«Өнерлі ұстаз» байқауы

Төлеби аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Мәдениет үйінде дәстүрлі «Өнерлі ұстаз» байқауы болып өтті. Байқауға білім мекемелерінен 23 үміткер бақ сынасты. Шәкірттерге сапалы білім беруде өзіндік үлес қосып жүрген ұстаздар « талаптың мініп тұлпарын» өнерді серік етіп,сахна төрінде көрермендерін тәнті етті.Өнер сайысында өнерпаздар бірнеше жарыс түрі бойынша бақ сынастыЖарыс қорытындысы бойынша.

Бас жүлдені № 6 жббм мұғалімі Тоқтағұлов Қаныбек қанжығасына байласа,

1 орынды Нысанбек жббм мұғалімі Асылжан Анарбай жеңіп алды. Жүлделі

2 орынға Ш.Уәлиханов атындағы жббм мұғалімі Маржан Болғанбай мен Әл-Фараби атындағы жббм мұғалімі.

Мафтуна Закирова , көтерілдіі.

3 орынды Жаңа жол жббм мұғалімі Қамшат Дүрмұханбетова, Бірінші Мамыр жбббм мұғалімі Айбол Сұраншиев Айбол, № 7 I T мектебінің мұғалімі Камшат Оспанова және.

Б.Түлкиев атындағы жббм мұғалімі Гүлбақар Ұлтаевалар жеңіп алды.Жеңімпаздар білім бөлімінің арнайы «Мақтау қағаздарымен» марапатталды Сонымен қатар оларға демеушілер тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.