Өнерлі ұстаз марапатталды
Шардара ауданындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, суретші – ұстаз, қылқалам шебері Айдарбеков Темірәлі Өсерұлы бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған дара тұлға. Оның қолынан шыққан талай картиналары елдің назарына ілігіп, түрлі байқауларда жеңімпаз болып табылған. Өзі тәрбиелеген шәкірттері де құр алақан емес.
Бүгін өнер иесі өзінің кезекті көрмесін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының кіре берісінде «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасында көпшілікке ұсынды. Ел игілігі жолында өз өнерін көпшілікке паш етіп, саналы да өнерлі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз Т.Айдарбеков облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгісімен марапатталды. Марапатты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек табыс етіп, өнер иесіне шығармашылық жетістіктер тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.