«Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  қазан айында ұстаздардың шығармашылық талантын анықтау мақсатында Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектеп базасында аудандық «Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы болып өтті. Байқау 4 шарт бойынша өткізілді: 1-кезеңде ұстаздар Өзін-өзі таныстырса,  2-кезеңде  Абайдың қара сөздерін жаттау,  жалғастыру,  аяқтау болды.  Ал, 3-кезеңде қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берсе, «Құлақтан кіріп бойды алар – әсем ән мен тәтті күй»… атты қорытынды 4-кезеңде ұстаздар өз өнерлерін көрсетті.

Нәтижесінде, аудандық кезеңнің жеңімпазы атанған Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Амангелдиева Гүлжазира аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

15 қазан күні А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі базасында «Үздік сынып жетекшісі» байқауы өткізілді. Ұжым және оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейлі сынып жетекшілерді табу мақсатында өткен байқауда ұстаздар 4 бөлім бойынша бақ сынасты. 1-бөлімде ұстаздар Өзін-өзі таныстырса, 2-бөлімде «Мен сынып жетекшімін» тақырыбында шығармашылық тұсау кесер презентация қорғады, ал «Шебер класс» деп аталатын 3-бөлімде сынып сағатынан үзінділер көрсетті. Соңғы 4-бөлімде «Менің сыныбым өзгеше» тақырыбында дайындаған бейнероликтерін көрсетті.

Байқау соңында жүлдегер мұғалімдер марапатталып, аталған байқаудың облыстық кезеңіне Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Дінтай Жұматай жолдама алды.

«Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы «Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы «Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы «Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы