«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2021» аудандық байқауы
«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2021» аудандық байқауы өткізілді.
Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 27 қазан күні егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуде, өнер мен өмірді сабақтастырып, өрелі білім беріп, ұстаздардың тарихи танымдығын, шығармашылық талантын шыңдау мақсатында «Өнерлі ұстаз – 2021» аудандық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқауға аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 50-ге жуық негізгі және жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары қатысып, үш кезең бойынша өзара мықтыны анықтады.
Ұлағатты ұстаздардың арасында өткен байқаудың қорытындысына сәйкес барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жоғарғы ұпайды қанжығасына байлай отырып, сайыстың бас жүлдесін Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Пердеханова иеленді. Жүлделі І орын иегері «Мырзакент» мектеп гимназиясының ұстазы – А.Ықылас иеленді. Жүлделі ІІ орынды «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Тәжібаев пен А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – Р.Серғазы иеленді. Жүлделі ІІІ орынды №41 жалпы орта мектебінің ұстазы К.Жолдасова, Т.Әубәкіров жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Ташимова мен Қажымұқан жалпы орта мектебінің ұстазы – Н.Ачилова иеленді.
Сонымен қатар «Талантты ұстаз» номинациясымен М.Өтемісұлы жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Стамқұл, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен «Болашақ» жалпы орта мектебінің ұстазы – М.Тұрсынбекова, «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Қ.Үкібаев жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Байменова, «Көрермен көзайымы» номинациясымен С.Рахымов жалпы орта мектебінің ұстазы – П.Аширханова, «Ізденімпаз ұстаз» номинациясымен «Шұғыла» жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Бейбитова марапатталды.
«Өнерлі ұстаз – 2021» байқауында бағы мен бабы қатар шауып, жеңістің биік тұғырынан көрінген ұстаздарымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Аудан көлемінде өткен «Өнерлі ұстаз – 2021» байқауына қатысқан барша білім беру саласының үздіктеріне, ұлағатты ұстаздарымызға толағай табыстар тілейміз.
Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.