«Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы

            Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында сақтық шараларын сақтай отырып, «Ashyq» қосымшасына тіркелу арқылы 22 қазан күні «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы 18 мұғалімнің қатысуымен Жаңаұйым жалпы орта мектеп базасында өткізілді.

Байқауға қатысушылардың арасынан №4 Қ.Сәтбаев ат., №2 Ш.Уәлиханов ат., Әңгірата, №6, Қайнар, М.Х.Дулати ат., Б.Түлкиев ат., М.Әуезов ат., №16 Ш.Уәлиханов ат., №9 Айзере, Қ.Тыныбеков ат., Нысанбек, №7 ІТ мектеп-лицей мұғалімдері оқ бойы озып шығып, өз өнерлерін сан қырынан көрсетті.

Байқауда Бас жүлдені жеңіп алған №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Бейсебаев Бекжан Болатұлы облысқа жолдама алды.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

«Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы