«Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы.

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы 30 мұғалімнің қатысуымен Бірінші мамыр жалпы орта мектеп базасында өткізілді.

Байқауға қатысушылардың арасынан №1 мектеп гимназиясы мұғалімі оқ бойы озып шығып, өз өнерін сан қырынан көрсетіп, байқауда бас жүлдені жеңіп алып облысқа жолдама алды. Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы. «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы. «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы. «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы. «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы. «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы.