«Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы

Төлеби аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы 22 мұғалімнің қатысуымен Зертас мәдениет үйінде өткізді.

Байқауға қатысушылардың арасынан Отенбаев Алмас Ниязбекұлы Жаңажол жалпы орта мектебі мұғалімі оқ бойы озып шығып, өз өнерін сан қырынан көрсетіп, байқауда бас жүлдені жеңіп алып облысқа жолдама алды. Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы