«Өрлеу» Кәсіподағының съезі болып өтті!
«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі 2023 жылдың 8 желтоқсаны күні Астана қаласында болып өтті. Съезд жұмысына еліміздің әр түрлі өңірлерінен келген съезд делегаттары мен қонақтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл, Қазақстан Еңбек конфедерациясы бас хатшысының орынбасары Б.Тәжібай және «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Дощанова қатысты.
Съезд барысында Кәсіподақтың төрағасын сайлау, жоғары тұрған кәсіподақтың құрамына кіру, салалық кеңес пен өзге де комиссиялардың құрамын бекіту сияқты өзекті мәселелер талқылауға салынып, ашық түрде дауыс беру арқылы бекітілді.
Кәсіподақтың алдағы жұмыс жоспары мен мақсаты, білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және олардың мәртебелерін көтеру жолында атқарылатын тың бастамалар айтылып, съезд делегаттарының ұсыныстары тыңдалды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.