Өткізілген іс шаралар

Облыстық кәсіподақ комитеті еріктілерінің игі істері.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстанда еріктілер (волонтерлер) қозғалысын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес,

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  облыстағы білім беру ұйымдарында еріктілер тобы жұмысына жан-жақты қолдау жасап, оларға көмек және қамқорлық  пен қолдау жасап келеді.  Облыстық кәсіподақ комитетінің қаржылай көмегімен оларға арнайы киім алып берілді. 2020 жылы волонтерлер облыс бойынша бірқатар шараларды іске асырып, мүгедектерге, қарттарға және отбасы жағдайы ауыр адамдарға, барлығы 157 отбасыға  қолдан келгенше көмек көрсетті.

2021 жылғы 8-9 сәуір күндері Шымкент қаласының Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн, жол-көлік және политехникалық колледждері оқушылары мен жас қызметкерлерінен құралған  40-тан аса еріктілері қаладағы дендросаябақта түрлі көшет егуге белсенді қатысып, 500-ге жуық түп  ағаш және гүлдер екті, ағаштардың түбін қопсытты.  Осы арқылы олар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желекті қорғауға  нақты жұмысымен үлгі көрсетті. Осындай игі істерді облыстық кәсіподақ комитетінің еріктілері алдағы кезде жалғастыратын болады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы, еріктілер тобының мүшесі Д.Мұхтаров

Өткізілген іс шаралар Өткізілген іс шаралар Өткізілген іс шаралар Өткізілген іс шаралар Өткізілген іс шаралар