Өткізілген іс шаралар
Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында білім бөлімдері мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлесе ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне орай іс шаралар өткізіліп, білім саласы қызметкерлерін марапаттады. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп ұлы Абай атап көрсеткендей, ұстаз – жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім–тәрбие мен үлгі–өнегені барлық күш жігерімен ұғындыратын ерекше тұлға. Ұстаздың алдында адамзаттың бәрі бас иеді. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып келе жатқан ұстаздардың еңбектерін ескере отырып, мереке қарсаңында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген бір қатар ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі төсбелгі, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.