Біз туралы

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы

Облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің мазмұны – ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпте, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету.

Облыстық кәсіподақ ұйымы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдары, қолданыстағы заңнамалар және өз Жарғысы негізінде жүзеге асырады.

Облыстық кәсіподақ ұйымы өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер және олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды. Облыстық кәсіподақ ұйымы олармен қарым-қатынасын, келісімдер мен ұжымдық шарттар негізінде және өз мүшелерінің мүдделері мақсатында теңдік, әлеуметтік әріптестік пен өзара келісім және ынтымақтастық негізінде құрады.

Облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымы: 18 филиал және 1378  бастауыш кәсіподақ ұйымы. Олардың құрамында 100 000-нан аса кәсіподақ мүшесі бар.

2018 жылғы желтоқсан айында аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының есеп беру –сайлау конференциялары, 2017 жылғы 17 қаңтар күні облыстық кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияларда облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің, тексеру комиссияларының есептері тыңдалды, облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ комитеттерінің және тексеру комиссияларының құрамы  сайланды.

31 қаңтар күні облыцстық кәсіподақ комитеті «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша «Оңтүстік Қазақстан» газетінің баспасөз орталығында «Дөңгелек үстел» өткізді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуде облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен әлеуметтік әріптестік пен өзара ынтымақтастықты арттыра отырып, нәтижелерге жетіп келеді. ҚР Еңбек кодексі, «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог кадрлары ақысыз дәрігерлік тексеруден өтеді, коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақы алады, зиянды жұмыс істегендерге қосымша ақы төленеді. Білім саласында жұмыс істейтін 43 қызметкер, соның ішінде 3 аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы  аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттары, 10 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Қоғамдық кеңестер құрамына мүше.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы негізінде, әлеуметтік әріптестікті дамыту, ұжымдағы еңбек қатынастарын, еңбек ақы мәселесін дер кезінде реттеп отыру, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек етушілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті арасында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық  үш жақты келісім түзіліп, жұмыс атқарылуда. Аудандық және қалалық келісімдер мен білім беру ұйымдарындағы ұжымдық шарттарды дайындау алдында  кәсіподақ активімен кеңес өткізіліп, олардың жобалары талқыланып, қосымшалар енгізіліп мақұлданды. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері, кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті білім органдары арасында әлеуметтік әріптестік жөнінде 18 келісім,  білім беру ұйымдары мен мекемелерде 1100-ден астам ұжымдық шарт түзілген.

Облыстық кәсіподақ комитеті өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде кәсіподақ ативін оқытуға, кәсіподақ оқуының сапасын арттыруға көңіл бөліп отырады. Кәсіподақ қызметкерлері мен активін оқыту үшін 5 оқу-әдістемелік кабинеті жұмыс атқарады. Олар — облыстық кәсіподақ комитетінің, Сарыағаш, Мақтарал, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің оқу-әдістемелік кабинеттері. Әдістемелік кабинеттер қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, құралдармен жабдықталған, мезгіл сайын жаңаланып тұратын насихаттау құжаттары, стендтер жасалған, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілеріне  қажетті барлық материалдар бар, нормативтік-құқықтық құжаттар жинақталған. 2021-2022 жылдары 3000-ден аса кәсіподақ активі оқытылды. Кәсіподақ ұйымдарына практикалық жұмыста пайдалануы үшін, 2021-2022 жылдары 35 әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулықтар дайындалып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды. Жергілікті жерлерде кәсіподақ және еңбек заңнамаларын түсіндіру және оқып-үйрену жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Облыстық кәсіподақ комитеті «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме» кітабының 120 данасын алдырып, облыс кәсіподақ активіне таратылды.

Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері облыс, аудан, қала деңгейіндегі түрлі іс-шараларға және   Наурыз, Жеңіс күні, Кәсіподақтар күні, Еңбек күні, Мұғалімдер күні және басқа да мерекелерге белсенді қатысады. Осы сияқты іс-шараларды  барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері де ұйымдастырды.

Кәсіподақ комитеттері білім ұйымдарымен бірлесе «Үлгілі ұстаз», «Үлгілі тәрбиеші», «Үлгілі класс жетекші» сияқты байқаулар мен түрлі спорт жарыстарын ұйымдастырады, жеңімпаздарды марапаттау жасайды. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің ұйымдастыруымен, мұғалімдер арасында  спорт түрлері бойынша  спартакиадалар дәстүрлі түрде өткізіледі.

Кәсіподақ ұйымдары көп балалы, күн көріс деңгейі төмен отбасыларға, балалар үйлеріне демеушілік жасайды, материалдық көмек көрсетіп отырады.

Жыл сайын шипажайларда 4 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі, 1200-ден аса білім саласы қызметкерлерінің балалары мен жасөспірімдер сауықтырылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы – Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы
Біз туралы

Сделано в Alteman