2022 жылдың қорытындысы

2022 жылы 28 желтоқсан күні №5 Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінің акті залында  жылдың қорытындысы бойынша алқалы жиын өтті.

Жиынға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары шақырылған.

Аяқталып жатқан жылда аудандағы білім мен тәрбие саласындағы жеткен жетістіктері туралы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Акатов хабарлама жасаса, Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев кәсіподақ органдарының атқарған қызметтері жөнінде ақпарат берді.

Бөлім басшысы Д.Акатов, Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысушы әріптестерді 2023 жаңа жылмен құттықтай отырып бір топ білім қызметкерлеріне еңбектегі жетістіктері үшін тиісті марапаттарын берді.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

2022 жылдың қорытындысы 2022 жылдың қорытындысы 2022 жылдың қорытындысы 2022 жылдың қорытындысы 2022 жылдың қорытындысы