28 СӘУІР “ДҮНИЕЖІЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ”
Жетісай ауданының білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрете отырып шыңдау мақсатында, Жетісай қаласындағы білім беру ұйымдарынан құрылған 9 команда арасында “Ой дода” сайысы өтті. Сайыстың мақсаты педагогтардың өз құқықтарын және міндеттерін білуге, еңбек заңнамаларын сақтауға шақыру аясында болды. Сайысқа қатысқан командаларға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, алдағы уақытта ауыл мектептерін қамту көзделіп отыр. Кәсіподақ комитетінің маманы Бейсенов Сакен жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.