«28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні»

 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс

 шара

 

     Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай №5 мектепте бастауыш кәсіподақ ұйым  төрағаларымен бірлескен «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет» атты  жиналыс өтті.

Өткізілетін шараның негізгі мақсаты-қауіпсіз еңбекті  насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігі жауапкершілігін көтеру.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау:

  • Әр ұйымның негізгі құндылығы — оның қызметкерлері;
  • Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінен құнды ештеңе жоқ;
  • Әр қызметкер қауіпсіздік үшін жауап береді
  • Әр ұйымның негізгі мақсаты қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жиналысты Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Н. ашып, құттықтап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқару құрылымы, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының негізгі жұмыс істеу бағыттары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау еңбек заңнамаларын бұзу жауапкершілігі туралы ҚР қолданыстағы заңнамалық нормалары мен Еңбек Кодексіне тоқталып өтті. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет екенін түсіндірді. Құқықтық  білімдерін жетілдіріп, барлық жұмыс заң аясында жүргізілу керектігін ашып айтты.

Келесі сөзді атқару комитетінің мүшесі, «Т.Бегманов» атындағы жоббм кмм кәсіподақ төрағасы Т.Маматкулов «Жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері » тақырыбында баяндама жасады. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің заңдар тізбесі бойынша негізгі құқықтары мен міндеттерін таныстырып өтті. Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасау- еңбек құқықтарын қорғаудың кепілі. Ұжымдық  шарт жасау негізгі  принциптерін, мазмұны мен құрылымын, еңбек даулары мен жанжалдарға қатысты жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымының мүдделерімен келісуге мүмкіндік беретінін нақты түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауының 340 бабы және 341 баптарын маңыздылығын айтты, жиналыста туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Болашақ » атындағы №43 жоббм кмм кәсіподақ төрайымы З.Темирова өз баяндамасымен жалғастырды. Дайындап келген буклеттерін қойып, еңбек тәжірибелерімен бөлісті.

Жиналысқа ат салысып , білімі мен тәжірибесімен бөлісіп,  еңбек жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас мамандардың белсенділігін арттыру, оларды қазіргі өзгермелі заманға бейім болуға бағыт бере отырып, аға ұрпақтың еңбек жолдары жайлы тәжірибе алмасу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу атты жиналысымыздың қорытынды бөлімінде 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, бастауыш кәсіподақ комитеттер арасынан «Үздік баяндаушы» және «Үздік инновациялық идея мен тәжірибе» атты номинациясымен бастауыш кәсіподақ ұйым төрағалары  Т.Маматқұлов және З.Темирова Құрмет грамотасымен марапатталды

 

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні»