«28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесі
Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесін БКҰ төрағаларымен бірлескен «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет» атты жиналыс өтті.
Өткізілетін шараның негізгі мақсаты-қауіпсіз еңбекті насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігі жауапкершілігін көтеру.
28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жиналысты Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхамеджан Спарханов ашып, құттықтап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқару құрылымы, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының негізгі жұмыс істеу бағыттары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау еңбек заңнамаларын бұзу жауапкершілігі туралы ҚР қолданыстағы заңнамалық нормалары мен Еңбек Кодексіне тоқталып өтті. Аудандық кәсіподақ комитетінің орынбасары Бақтияров Пердебек өз баяндамасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет екенін түсіндірді. Құқықтық білімдерін жетілдіріп, барлық жұмыс заң аясында жүргізілу керектігін ашып айтты.
Келесі сөзді атқару комитетінің мүшесі, Р. Қошқарбаев атындағы жом кмм бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекетов Нұрмаханбет алып, ОКК жинағына енген іс-тәжірибесімен бөлісті. Ауандық кәсіподақ комитетінің дайындап келген бүктемелері және еңбек көдексі тарқатылып берілді. Іс- шара спортты ойындармен жалғасын тапты. Баяндамашылар облыстық құрмет грамоталарымен марапатталып, спорттық ойындардың жеңімпаздары аудандық дипломдар мен сый сияпаттар алды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !