“28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні”

"28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні"

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “√°45 Мәдениет жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай 2024 жылдың 23 сәуір күні “Еңбекті қорғаудың озық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіподақ төрайымы М.Ташбулатова қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы:

– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай – ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын дұрыс сақтауға;

– Міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;

– жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға міндетті екендігіне тоқталып өтті.

Еңбек – адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі, еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар, Еңбекті қорғау – еңбек қызметінің процессі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі екендігі, Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды бақылау мен қадағалау жүзеге асыратын орган, қауіпсіздік техникасының маңызы мен ерекшелігі жайында айтып өтті.

Қ. Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Самат Опабеков мен Еңбек инспекторы Тазабек Ерназаров ұйымдастыруымен “28 сәуір— Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне” орай іс—шаралар өткізді. «Еңбек қауіпсіздігі” тақырыбында кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы С.Опабеков 26.04.2024 ж күні спорттық іс— шараларға ұйытқы болып, оған кәсіподақ ұйым мүшелері, оқушылар және кіші қызметкерлер қатысты. “Еңбекті қорғау күні” жыл сайын ауқымды іс—шараларды қамтып, аталып өтілетіні айтылды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі