28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

 

Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі жанынан құрылған кәсіподақ ұйымының қолдауымен 28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп- лицей ұжымына  еңбек қорғау және ҚР Еңбек Кодексі аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында дәріс өткізілді. Дәрісті мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ордабаев Сәбит Досымбекұлы жүргізді. Сонымен қатар дәріске мектеп мұғалімдерінің кәсіподақ төрағасы Нәбиев Оразәлі Тәтібайұлы мен Созақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің маманы  Қарауылов Ержан Ауезханұлы қатысып, ұжым мүшелерімен өзара пікір алмасты.

Халықаралық еңбекті қорғау күні- бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа теріс әсер ететінін түсінуі тиіс.

 

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

28 сәуір - дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір - дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір - дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір - дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір - дүниежүзілік еңбекті қорғау күні