28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау

28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау

Түркістан қалалық №28 мектеп-лицей базасында “28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай Сауран ауданы кәсіподақ комитетінің қолдауымен, Бастауыш кәсіподақ төрағаларымен бірге Еңбек қауіпсіздігін қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың шақыртуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр.

Іс-шараға қатысқан арнайы мамандар мектеп базасын аралап, жүйелі түрде танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Шара барысында Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова Халықаралық еңбек ұйымы бастамасымен өткізіліп жүрген «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» туралы баяндама жасады. Баяндамада Мұндай ауқымды шаралар еңбек тұрғындардың ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін дәріптеу, жастарға еңбекке құрметпен қарау, қарапайым еңбек адамының қызметін бағалауға жол ашатынын айтып өтті. Сонымен қатар, еңбек адамдарының құрметіне жылы лебізін білдіріп, арнайы марапаттады.

Бұл іс-шараның маңыздылығын түсіндіру барысында, 10 минуттық бейне-ролик қойылып, онда бұл мейрам еңбек мәдениетінің ұмыт болған дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған, әрі жас ұрпақты еңбекті бағалауға тәрбиелейтінін ашып көрсетті.

Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген бұл маман иелері, қандай құрметке болса да лайық. Еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымызды білдіреміз!

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.