28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының 2021 жылға арналған іс-шаралар жұмыс жоспарына сәйкес 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай 15-28 сәуір күндері Түркістан облысының барлық аудан,  қалаларында  адами әлеуетті дамыту бөлімдері мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлесе ұйымдастыруымен барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып іс-шаралар өткізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Әлем жұртшылығы жыл сайын 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде еңбекшілерге, өндірісте зардап шеккендерге құрмет көрсетіліп, еңбекті қорғау және еңбек мәдениеті бойынша үгіт-насихат шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Өткізілген іс-шаралар барысында бір қатар ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі төсбелгі, құрмет грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні