«28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесі
Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 23 сәуір күні «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай аудандық семинар өтті.
Семинарға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тұлапұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы және аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты. Семинарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жүргізіп отырды.
Семинардың тәртібіне сәйкес алғаш болып Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы сөз алып, «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың маңызы» тақырыбында баяндама жасады, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Жанисов Ержан Әлімжанұлы сөз алып, «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеттері» тақырыбынмен баяндама жасады.
Семинардың екінші бөлімі мерекелік шарамен жалғасын тауып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі мен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапаттары берілді.
«28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай аудандық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Барша нәзік жанды ұстаздарымызды керемет мерекемен құттықтаймыз!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі