28-ші сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
28-ші сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық кәсіподақ комитетінің 2022 жылғы негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Әлеуметтік әріптестікті дамыту және Келісім тараптарының қызметін үйлестіру бойынша «Ұжымдық шартпен» белгіленген бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бекітілген ішкі бақылау қоғамдық инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының бірлескен семинар-кеңесі Абай атындағы мектеп-лицейнде өткізілді.
Осы семинардың өтілуіне қатысты ауданның білім беру мекемелерінің, балалар бақшасының еңбек қауіпсіздігін қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары толық қатысты. Бірлескен семинар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы С.Қыпшақбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі А.Полатбеков ұйымдастырумен өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша
Ұжымдық шарттың тараптарының негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарының жүргізілуі бойынша Д.Абишев сараптамалы баяндама жасады. Кемшіліктер көрсетіліп, жетістіктер атап өтілді. Білім беру мекемелерінде еңбекті қорғау Ережесінің орындалуы туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Қыпшақбаев толық түсініктемелер беріп, еңбекті қорғау туралы заңнамаларды және әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарт тараптары негізінде олардың орындалуының қадағаланып отыру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар жүргізілетін құжаттардың дұрыс толтыруы бойынша түсініктеме беріп өтті.
Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндіріс кеңес туралы Ереже бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесші маманы А.Полатбеков Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Өндірістік кеңестің құрылымына оның кеңестік құрамына жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы өкілдері кіретіндігіне және өндірістік кеңестің құрамына жұмыс беруші өкілдерін тағайындау жұмыс берушінің бұйрығымен, жұмыскерлердің өкілдері аудандық кәсіподақ комитетінің шешімімен іске асыратынына тоқталып өтті.
Сонымен қатар кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын, жүргізілетін іс-қағаздары бойынша толық түсіндірме берілді.
Семинар-кеңес жоспарланған мәселелер бойынша өз дәрежесінде өтіп қаралған мәселелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында орындалуы аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан қадағаланатындығы айтылды.
Берілген сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.