60-жас мерейтой
Шардара ауданы, Көксу ауылы, Т. Айбергенов атындағы жалпы орта мектебінде үлкен спорттық іс – шара өтті.
Мектеп мұғалімі, спорт майталманы Ерманов Есқуат ағамыздың 60 жас мерейтойына арналды.
Республикалық деңгейде өткен жарысқа Түркістан облысы басқарма басшылары, Шардара аудан әкімшілігімен бірге, Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Назарұлы қатысып арнайы құттықтау сөзін арнады. Кәсіподақ тарапынан арнайы сыйлықтармен бірге, марапат тапсырылды. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлының арнайы ұсынысымен мерейтой иесі Есқуат мырзаға “Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін “ төсбелгісі тағылды.
Жарыс үлкен дәрежеде өтті. Алматы қаласынан келген спортшылар бас жүлдені қанжығасына байлады.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.