7 мамыр құттықтау

7 мамыр құттықтау

Құрметті әріптестер!

Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен

ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен

ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен

бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған

болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

 

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын

жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғау қызметіне айтулы

үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге

табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол

бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.

 

 

 

Ізгі ниетпен,

Түркістан облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы                                                  Б.Еркінбек