«8 наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесі
Білім беру мекемелерінде толағай табыстарға кенелген кәсіподақ мүшелері марапатталды. Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 05 наурыз күні бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдарының ұсынысына сәйкес негізгі және жалпы білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелерін «8 наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік іс-шараға «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев, аудандық маслихаттың депутаты, «Nur Otan» фракциясының жетекшісі М.Әжіқабылов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық маслихаттың депутаты С.Кенжебаев қатысып, мерекелік шараға келген барша негізгі және жалпы мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдарын, бар ғұмырын ағарту саласына арнаған нәзік жанды ұстаздарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.
Мерекеге орай ұйымдастырылған шара барысында кәсіподақ мүшелеріне Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың, «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаевтың, Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Кенжебаевтың және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Барша нәзік жанды ұстаздарымызды керемет мерекемен құттықтаймыз!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі