8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы» атты және 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты мерекелік іс шара білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарды, кәсіподақ зейнеткерлеріне Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектен төс белгілер, Құрмет грамоталар және Алғыс хаттарымен, Ы.Алтынсарин төс белгілерімен, Келес ауыл әкімі Е.Т.Абдірахмановтан Алғыс хат, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысының алғыс хатымен және Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Б. Абдиевтің және кәсіподақ комитетінің төрағасы Н. Артыковпен бірлескен Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары мен ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.
Кәсіподақ мүшелігіндегі Зейнеткерлеріміз бен белсенді жұмыс атқарып, үздік еңбектерімен, кәсіподақ мүшелерімен тығыз жұмыс жасаған төрайымдарымызға Келес аудандық кәсіподақ комитетінің есебінен Сарыағаш шипажайына 10 күнге жолдама табысталды.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке бірлік , еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.