8 наурыз

8 наурыз

        

Құрметті арулар, аяулы аналар!

Сіздерді  Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен

құттықтаймын!

Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуында қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.

Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға,жүректеріңізді жырға бөлесін.

Сіздерге және отбасы мүшелеріне амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Еліміздің келешек ұрпағына тәрбие мен білім беру жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге

шын жүректен тілектеспін.

 

 

Ізгі ниетпен,

Түркістан облысы білім және ғылым

қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағының төрағасы                                           Б.Еркінбек