9 мамыр құттықтау
Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына
қару алып, ел қорғауға аттанып. талай қанды қырғынды
бастарынан кешіп, жеңісті жақындатқан – майдангер
батыр аталарымыз.
«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер
төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен
жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен
ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар.
Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер
аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың
есінде жатталып қалуы керек.
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін.
Ерен ерліктері, қажырлы еңбектері мен табандылықтары үшін Ардагерлеріміздің алдында қашанда бас иеміз.
Ізгі ниетпен,
Түркістан облыстық кәсіподақ
комитетінің төрағасы Б.Еркінбек