Cеминар кеңес

 

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен  семинар кеңесін өткізді. Семинар кеңесінің күн тәртібі 3 мәселені қамтыды:

  1. Аудандық кәсіподақ комитетінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары, қорытынды, мақсаттар.
  2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағасы, құжаттары.
  3. Әртүрлі мәселелер.

Күн тәртібі баяндалып, Раджу Сайлауұлы 2020-2021 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағасы қызметі, құжаттары және 2022 жылғы мақсатттар жайлы аудандық кәсіподақ комитеті маманы Маккамбаев Сеитқожа баяндап, толықтай айтып өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, жаңадан жұмысқа қабылданғандардың өтініштерін толықтыру, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларына ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына көмекші құрал ретінде №2, №7, №11, №14, №19, №21, №27 ақпараттық бюллетендері таратылып берілді.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес