«Өнерлі ұстаз» байқауы

«Өнерлі ұстаз» байқауы

Төлеби аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Мәдениет үйінде дәстүрлі «Өнерлі ұстаз» байқауы болып өтті. Байқауға білім мекемелерінен 23 үміткер бақ сынасты. Шәкірттерге сапалы білім беруде өзіндік үлес қосып жүрген ұстаздар « талаптың мініп тұлпарын» өнерді серік етіп,сахна төрінде көрермендерін тәнті етті.Өнер сайысында өнерпаздар бірнеше жарыс түрі бойынша бақ сынастыЖарыс қорытындысы бойынша.

Бас жүлдені № 6 жббм мұғалімі Тоқтағұлов Қаныбек қанжығасына байласа,

1 орынды Нысанбек жббм мұғалімі Асылжан Анарбай жеңіп алды. Жүлделі

2 орынға Ш.Уәлиханов атындағы жббм мұғалімі Маржан Болғанбай мен Әл-Фараби атындағы жббм мұғалімі.

Мафтуна Закирова , көтерілдіі.

3 орынды Жаңа жол жббм мұғалімі Қамшат Дүрмұханбетова, Бірінші Мамыр жбббм мұғалімі Айбол Сұраншиев Айбол, № 7 I T мектебінің мұғалімі Камшат Оспанова және.

Б.Түлкиев атындағы жббм мұғалімі Гүлбақар Ұлтаевалар жеңіп алды.Жеңімпаздар білім бөлімінің арнайы «Мақтау қағаздарымен» марапатталды Сонымен қатар оларға демеушілер тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Дуйсебаева Нуржамал Акайкызы Төлеби ауданы «М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі.Дуйсебаева Нуржамал 31.12.1972 ж Төлеби ауданында дүниеге келген .1991 жылы Қ.А.Иассауи атындағы Шымкент педагогикалық университетіне түсіп,1996 жылы бітіріп шықты.1993 жылы сыртқы бөлімге ауысып,еңбек жолын Куйбышев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруден бастады.Осы жылы Георгивка орта мектебіне ауысты.31 жылдан бері осы мектепте талмай еңбек етіп келеді.Отбасында 6 ұл-қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Дуйсебаева Нуржамал – оқушыларды отансүйгіштікке,мейірімділікке,салт-дәстүрді, тілді құрметтеуге,үлкенді сыйлауға тәрбиелеп,жоғары деңгейде сабақ өтіп жүр.2020 оқу жылында «Жаңа ұрпақ» республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналына «Стильдік ерекшеліктер» атты сабағы жарияланып,бас редактор Е.А.Еркіннің алғыс хатымен мараппаталды.2022 оқу жылында «Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениеті мен орфоэпиялық икемділіктерін дамыта оқыту» атты әдістемелік оқу құралы «Нұрлы Бейне» баспасында басылып шықты.Еңбекқор ұстаз оқушыларды шығармашылыққа баулып,өз бетімен ізденуге бағдар беріп,дарынды оқушыларға көңіл бөліп,жетелеп келеді.

«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты»дегендей осы уақытқа дейін тәрбиелеп ,білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді.

Осы еңбектері бағаланып, осы уақытқа дейін аудандандық,облыстық білім басқармаларының алғыс хаттарымен марапатталған.2003 ж «Ең озық ауыл мұғалімі» аудандық байқауында III орын алғаны үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы,2004 ж жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы ,2007 ж аудандық «Атамекен»туристік өлкетану конференциясында II орын алғаны үшін аудандық ББ-нің мадақтамасы,2008 ж олимпиада жеңімпаздарын даярлаудағы еңбегі үшін ауданның құрмет грамотасы 2008 ж «Қазақтың келіндері-ай» атты байқауға қатысқаны үшін аудандық ішкі саясат бөлімінің мадақтамасы ,2009 ж аудандық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы және шығармашылық еңбегі үшін аудандық ББ-нің алғыс хаты,2009 ж Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты,2010-2011 оқу жылында аудандық семинарда жоғары деңгейде сабақ өткені үшін аудандық ББ-нің мадақтамасы,2023 жылы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,білім беру саласына қосқан үлесі үшін аудандық ББ-нің алғыс хатымен марапатталған.

Ардақты ұстаздың осы жылдар ішінде білім беру саласында қосқан үлесі аз емес.1994 жылы 10- сынып оқушысы Измаханова Ж аудандық пән олимпиадасынан III орын,2008 жылы 9-сынып оқушысы Мурамедова Л аудандық пән олимпиадасынан I орын (орыс сыныбы ) ,9-сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын,2009 жылы 10-сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын,облыстық пән олимпиадасынан I орын алып, республикалық пән олимпиадасына қатысып,жақсы көрсеткіш көрсетіп қайтты.2011 ж 11- сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын,7- сынып оқушысы Фадейкина В «Жарқын болашақ»республикалық пән олимпиадасынан III орын,2015,2016,2017 оқу жылында Нұрғалиқызы А аудандық пән олимпиадасынан I,II,II орын ,2021ж 6-сынып оқушысы Омархан Ж аудандық пән олимпиадасынан II орын алды.

Шығармашыл ұстаздың 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктеріне тоқтала кетсек:

8- сынып оқушысы Омархан Ж аудандық пән олимпиадасынан II орын,аудандық ақындар айтысынан 9-сынып оқушысы Иманбеков Н I орын,9-сынып оқушысы Иманбеков Н шығармашыл оқушылар арасындағы Х «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінен I орын,облыстық кезеңінен II орын,9-сынып оқушысы Иманбеков Н «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінен I орын ,облыстық кезеңінен I орын,Атырау қаласында өткен республикалық кезеңінен сертификатпен оралды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөзқызметі.

Аудандық турнир

Аудандық турнир

28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау » күніне орай , салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Келес ауданының Білім бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2024 ж. 1 мамыр күні ұлағатты ұстаз, білікті басшы Айткулов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол » және «Үстел теннис» спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Үстел теннис» ойынынан::

І орын – «Қошқар ата» а/ә ;

ІІ орын – «Абай» а/ә;

ІІІ орын – «Жүзімдік» а/ә

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, медаль ақшалай сыйлық 30000тг, 25000тг және 20000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.

«Волейбол» ойынынан 11 ауыл әкімшіліктерден финалға іріктеліп келген мектепаралық командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде – «Кәсіподақ құрама »командасы

І орын – «Алпамыс батыр» а/ә ;

ІІ орын – «Ұшқын» а/ә;

ІІІ орындарды – «Қошқар ата» а/ә

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде – «Кәсіподақ құрама »командасы

І орын – «Ұшқын» а/ә ;

ІІ орын – «Қошқар ата» а/ә командасы

ІІІ орынды – «Біртілек» ауыл әкімшіліктері иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 25000 және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.

Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған, ауыл әкімшілік командасы ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен 60 жарыс қатысушылары Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Олар :

«Үздік қорғаушы»

«Үздік үйлестіруші»

«Үздік шабуылшы» және Белсенді қатысқаны үшін де марапатталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2024 жылғы Наурыздың 27 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Түркістан облысы білім басқармасының, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырып «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы С.Бреусов жалпы білім беретін мектебінің химия пән мұғалімі Касымова Гулзия Адиевна

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім Касымова Гулзия апай өз жолын 1987 жыл Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын химия-биология мамандығы бойынша диплом алды. Өзінің ұстаздық жолын С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінде бастап кәзіргі күнге дейін сол білім ошағында жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда педагогикалық еңбек өтілі 36 жыл, педагог-зерттеуші санатындағы ұстаз.

Осы орайда кейінгі 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсем:

– 2019-жылы II облыстық Менделеев олимпиадасына дарынды оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2019-2020 оқу жылында “Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесін жаратылыстану пәндерін оқытуда қолдану” тақырыбындағы аймақтық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін Мадақтама берілді.

– 2019 жылы Аудандық пән олимпиадасына жүлделі оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат пен марапатталды.

– 2020 жылы Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайты.Жас дарын 11 сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы ККО.kz олимпиадасынан 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020 жылы “Екі ғылымның қиылысында” тақырыбындағы химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиадасында 3-орын иеленді.

– 2020 жылы Химия пәнінен “Ustaz tilegi” Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы I-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2020 жылы Аудандық пән олимпиадасына жүлделі оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы Түркістан облысы бойынша «Жас Дарын» 11 сыныптар арасындағы олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.

– 2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілік арттыру білім беру бағдарламасы курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы «Жаратылыстану және химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы «Өрлеу» Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту тақырыбында Қашықтан оқытуды үйренемін курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы Daryn.online.Пәндік олимпиада III-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2022 жылы химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері III-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2023 жылы Түркістан облысының білім басқармасы,Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды

– 2023 жылы Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларының жетістігі:

– 2019-2020 оқу жылында II облыстық Менделеев олимпиадасына дарынды 11 сынып оқушысы Балқыбек Балаусаны дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2019 Аудандық пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткені үшін Нұрмахан Назерке Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайты. «Жас дарын» 11 сыныптар арасында олимпиадада Нұрғалиқызы Дамира Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы ККО.kz олимпиадасында Кадырхан Балнур 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020-2021 оқу жылында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде химия пәнінен үздік білімімен танылған Адильбекова Дамира ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020-2021 оқу жылында Аудандық пән олимпиадасында үздік білім көрсеткендері үшін Адильбекова Дамира, Нұрғалиқызы Дамира Алғыс хатпен марапатталды.

– 2021-2022 оқу жылында III-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды.

– 2021-2022 оқу жылында Аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен қатысып Адильбекова Дамира І, Зиятхан Аружан ІІІ-дәрежелі дипломдармен, Адилбек Алина -Алғыс хатпен марапатталды.

– 2022-2023 оқу жылында III-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды

– 2022-2023 оқу жылында I-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Зиятхан Аружан ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Сембек Абзал ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Арыстанбек Нұрсейіт ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қорыта келгенде мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Аудандық конференция болып өтті!

2024 жылғы 19 қаңтар күні Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау ХVІІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 50 делегаттың 47-і қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, аудандық білім бөлімі атынан аудандық білім бөлімі әдіскері М.Амирова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов және басқа да шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Мұсақұлов ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының есебі тыңдалды.

Баяндамада С.Мұсақұлов есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтерді айтып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелерін қозғады.

Баяндаманы талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: М.Амирова аудандық білім бөлімінің әдіскері, БКҰ төрағасы, Ә.Найманбаев – «Қазығұрт» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Ж.Құрбановардагерлер кеңесінің төрағасы, А.ШүменбайАбай (Шанақ) ЖББМ БКҰ төрағасы, мандат комиссиясының төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндама мен ұсыныстар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Мұсақұлов Скандар Төлендіұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері Түркістан облысы білім басқармасының марапаттарымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті! Аудандық конференция болып өтті!

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

2024 жылғы 18 қаңтар күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

к ү н т ә р т і б і :

1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2024 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы;

2. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларын қызметтеріне бекіту туралы;

3. Түрлі мәселелер.

Мәжіліске Түркістан облысы білім басқармасы басышының орынбасары Маханбетов Жандос Маханбетұлы қатысып, қазіргі таңда облыс көлемінде білім саласында болып жатқан өзгерістер, орын алып жатқан түрлі мәселелер, оларды шешу жолдары, білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қойылған барлық сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік негізінде атқарылып жатқан жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мәселелеріне тоқталып өтіп, алдағы уақытта оларды бірлесіп шешу қажеттігін айтып өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылға негізгі іс-шаралар жоспары, кәсіподақ ұйымының қызметін жетілдіру, жақсарта түсу бойынша ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстар жайлы айтты.

Аталған мәселе бойынша Сарыағаш, Мақтарал, Сауран, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Ф.Рысбекова, Қ.Төлебаев өз пікірлерін білдіріп, жоспардың нақты әрі кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттырар тұстарына тоқталып, ұсыныстарын айтты.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларын қызметтеріне бекіту туралы төраға орынбасары А.Абуов хабарлады. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларының қызметтеріне табыс тілеп, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіподақ қозғалысының дамуында аянбай еңбек ету қажеттігін айтып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет Бауыржан Момышұлы Ленгір қаласындағы №1 мектеп – гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтасова Нұрила Сәрсенбайқызы

Мектеп – білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі. Ұстаз – бір елдің болашағы үшін қызмет жасайтын киелі мамандық иесі. Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі ұстаздар алдына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Бәсекеге қабілетті, елімізді өркениетті елдермен терезесін тең ұстайтын білімді ұрпақ қалыптастыру – ұстазға сын. Мемлекетіміз білім саласына тың өзгерістер құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру мекемелері мен заманауи үлгідегі білім беруді қажеттейді. Сондықтан білім алушылардың біліктілігін, құзырлылығын арттыруға ерекше мән беріледі. Оқушының оқып – үйреніп, өмірдің көлденең тартқан қандай да болмасын қиындықтарын шешуге даяр болуына, өмір бойы үйрену дағдыларына бейімдеуді ұстаздар басты назарда ұстайды.

Бүгінгі кәсіподақ мінберінен осындай игі мақсатта еңбектенетін қаламыздағы іргелі білім беру мекемесі №1 мектеп – гимназияда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз Байтасова Нұрила Сәрсенбайқызы туралы айтпақпыз.

Әкесі Нұржанов Сәрсенбай қазақ тілі мен әдебиеті маманы болатын. Әдебиетке деген құштарлығын әкесі оятты. Балғын шағында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болуды армандайтын. 8 жылдық мектепті бітірген соң Тараз қаласындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1982 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен туған жерге оралып, өзі оқыған Екпінді орта мектебінде еңбек жолын бастады. Арман жетелеп Шымкент педагогика институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды. Бірінші мамыр, Алатау орта мектептері, Ленгір медицина училищесінде, 1997 жылдан бастап №1мектеп – гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2016 жылдан бері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде өзін білімді, ұстамды, жаңашыл, өз ісінің шебері, білікті ұстаз ретінде көрсетті. Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде, ұжымдағы ұстаздар арасында оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда шығармашылық, талапшылдық, аса мұқияттылық танытады. Шығармашылық топтың мүшесі ретінде аудан, облыс көлемінде білім сапасының артуына өз үлесін қосып келеді. Төлеби аудандық тест орталығында ҰБТ – ның апелляциялық комиссия мүшесі; Білім және ғылым министрлігі бекіткен ОЖСБ-ның министрлік өкілі ретінде Шымкент қаласындағы, Түркістан облысы Сарыағаш, Түлкібас аудандарының мектептерінде комиссия мүшесі; облыстық бақылау департаментінің Арыс қаласы және Қазығұрт ауданы мектептеріндегі аттестаттау комиссиясы мүшесі; облыстық бақылау департаментінің Бәйдібек ауданы Домалақ ана орта мектебінде өткізген ішінара тексеру комиссиясы мүшесі; жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тұжырымдамасымен танысу, талқылау бойынша өткізілген облыстық, республикалық семинарларда ой бөлісті; «Үш тілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбындағы облыстық практикалық семинарда баяндама жасап, ашық сабақ өтті, облыс көлемінде іс-тәжірибесі таратылды; Төлеби ауданы оқу ісі меңгерушілерінің семинарында «Критериалды бағалау аясында оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесіндегі ерекшелік», «Эссе жазудың тиімді жолдары» тақырыптарында баяндама жасады; «Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың шығармашылығын арттыру» тақырыбындағы аудандық кеңейтілген семинарда аудан мұғалімдеріне коучинг өткізіп, құнды деп танылды; «Қазақстан ұстазы» халықаралық ғылыми-әдістемелік жинағында «Критериалдық бағалау жүйесі аясында мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру, бағалау тапсырмаларын құрастыру, сараптама жасау» тақырыбындағы мақаласы жарияланып, озық тәжірибесімен бөлісті. Озық тәжірибесі «Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің озық іс – тәжірибелер жинағына» енді. «Қазақ тілі мен әдебиетінен тест жинақтары», «PISA халықаралық зерттеуі аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары» атты әдістемелік нұсқаулықтары шықты.

Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадалары мен байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында бірнеше рет жүлделі орындарды иемденді. Өзі түрлі кәсіби байқаулардың жеңімпазы, тренер-мұғалім. Ұзақ жылдар бойғы ұстаздық еңбегі үшін аудандық, облыстық білім басқармасы, аудан, облыс әкімдігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, мадақтама қағаздарымен, білім беру қызметкерлеріне арналған «Әдіскер» халықаралық сайтында белсенділік танытып, сайт іс-шараларына зор үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «2016 жылдың “ҮЗДІК ПЕДАГОГІ” атағының иегері болып табылады.

Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған ардақты ана, сүйікті әже, адал жар.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің Кезекті мәжілісі өтті.

2022 жылғы 7 желтоқсан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

К ү н т ә р т і б і :

1.Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы.

2. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы.

3.Облыстық кәсіподақ комитетіне тапсырылатын есептіліктер туралы.

4. Түрлі мәселелер.

«Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы» бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов анықтамамен таныстырды, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Талқылауға атқару комитетінің мүшелері Ә.Тастанбеков, Ж.Мухаев қатысты.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасап, меморандумды түзу мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндірме берді. Білім беруді дамыту, озат педагогтердың жұмыстарына қолдау жасау кәсіподақтың жұмыс бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Қаралған мәселе бойынша Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков сөйлеп, меморандумдағы айтылған мәселелерді мүмкіндігімізге қарай қолдау және көмек көрсету, оқушылардың білімін арттыруға біздің қосқан үлесіміз деген пікір айтты.

Б.Еркінбек – бұл жұмысты қолдау біздің кәсіподақ ұйымының білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесіміз болып табылады деп қорытындылады.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Мәжілісте облыстық кәсіподақ комитетінің ағымдағы жұмыстары бойынша талқылау және пікір алысу жүргізілді.

Атқару комитеті мәжілісінің соңында Б.Еркінбек Сауран, Түлкібас, Келес аудандары мен Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ф.Рысбековаға, Д.Абишевке, Н.Артықовқа және Г.Төрежановаға облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» төс белгілерін, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын тапсырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті.

Мерекелік іс шара.

Шардара аудандық кәсіподақ комитеті аудан мектептерінде болып, зейнеткер ұстаздарды, мектеп мұғалімдерін марапаттап бағалы сыйлықтарын табыстады .

Жас мамандарға ынталандыру сыйлықтарын, білім беру мекемелерінің ұстаздары арасындағы сайыстарына қатысқан жүлделі ұстаздарға арнайы мараппатар жасалды.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі және Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара. Мерекелік іс шара. Мерекелік іс шара. Мерекелік іс шара.

1 2