КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ.

Мұғалім – барлық білім жүйесінің діңгегі, түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, икемділікті, мейрімділікті, ерекше шәкіржандылықты қажет ететін де ұстаздық. Олай дейтініміз, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз – үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді, мойнына алған мәртебелі маман.
Шаназарова Санабар Акрамкуловна- 12.01.1968 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Ташкент педагогикалық училищесін бітіріп, №11 «Манкент» орта мектебіне еңбек пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
2004 жылы Қазақ – өзбек инженерлік гуманитарлық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» факультетін бітірген.
Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл. Сайрам аудандық білім бөлімінің 2018 жылы «Бірінші дәрежелі біліктілік санаты» берілген.
2023 жылы тамыз айында Педагогтарды біліктілігін атестаттау бойынша ережелеріне сәйкес кезектегі атестаттауда «Педагог – модератор» біліктілік санатын иеленді.
Шаназарова Санабар – білім беру саласындағы өз ісін толық меңгерген маман, оның кәсіби қызметі оқушыларға білім мен тәрбие беруде айқын көрініс табады. Бұл мұғалімнің ерекшелігі – оның терең білімі, шыдамдылығы және оқушыларға деген жан-жақты көңіл бөлуі.
Бұдан бөлек, Шаназарова Санабар әріптестері арасында үлгілі мұғалім ретінде танылған. Ол кәсіби дамуға үнемі көңіл бөліп, заманауи білім беру тенденцияларын қадағалап отырады және оның білім берудегі жаңа тәсілдері өзге мұғалімдер үшін үлгі болып табылады.
Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін бірқатар марапаттардың иесі.
2023 жылы Республикалық «Білім санаты» журналында «Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы мақаласы жарық көргені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылы аудан пән мұғалімдерінің ғылыми-теориялық білімдерінің деңгейін анықтай, педагог арттыру мақсатында өткізілген пән олимпиадасында «Талантты ұстаз» номинациясын иеленгені үшін аудандық білім беру бөлімінің Мадақтамасымен марпатталған.
Осы мекемеде 38 жыл жұмыс өтілі кезеңінде оқушылармен үздіксіз жұмыс жасап пән олимпиадаларына дайындап, оқушылары жүлделі орындарды иеленген.
2023 жылы «Қазақ хандығының басқару жүйесі және Қазақтың үш биі» атты 7-10 сынып оқушылары арасында сурет салу байқауының аудандық кезеңіне 9-сынып оқушысы Халмуратова Гулирух қатысып І-орын иеленгені үшін Құрмет грамотасымен марпатталған.
2024 жылы «Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет байқауының аудандық кезеңіне 6-сынып оқушысы Курванкулова Сарвина қатысып І- орын иеленгені үшін Мадақтамамен марапатталған.
Оның инновациялық көзқарасы және шығармашылық әдістері оқу процесін байыта түседі, оқушыларға өздерінің білімдерін қолдануда жаңа тәсілдерді іздеуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, Шаназарова Санабар – бұл тек оқытушы ғана емес, сонымен бірге өз оқушыларының жетістіктері мен дамуы үшін жан-тәнімен еңбек ететін шабыттандырушы және бағыт-бағдар беруші. Оның жұмысы оқушыларға білім мен өмірлік дағдыларды меңгеруге көмектеседі және олардың болашағы үшін негіз қалайды.
Мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы етіп 05.11.2011 жылы сайланған болып, кәсіподақ төрайымы ретіндегі еңбек өтілі – 14 жыл.
Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғау бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр.
Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды шешеді және ұжымның моралдық ахуалына көп көңіл боледі.
Еңбекшілердің әлеуметтік қорғауда атқарған белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» белгісімен, облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.