«KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

29 мамыр күні Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «KitapХАН@» облыстық жобасының финалдық кезеңі болып өтті. Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Төлімбеттің тікелей бастамасымен «KitapХАН@» кітап оқу жарысы «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық ұлттық жоба аясында өтті.

Бұл жобаның басты мақсаты – әрбір мектепті оқуға құштар мектепке айналдыру, педагогтер, оқушылар және ата-аналардың кітап оқу құштарлығын арттыру, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін арттыру болып табылады.

Іс-шараға Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары А.Садықова, Steppe&World баспасының директоры Раиса Сайранқызы, «Мазмұндама» баспасының директоры Теңіз Жұмабекұлы, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Болатұлы, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек төрелік етсе, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітман іс-шараны жүргізіп отырды.

Байқау қорытындысы бойынша педагогтер арасынан Мақтаарал ауданындағы №14 колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Әлім «Жыл жеңімпазы – 2023» атанса, оқушылар арасынан Шардара ауданы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы А.Қыдырбек «Жыл жеңімпазы – 2023» атанды.

Сонымен қатар педагогтер “Зерек оқырман”, “Кітапқұмар оқырман”, “Ұшқыр ойлы оқырман”, “Зейінді оқырман”, “Оқуға құштар оқырман”, “Рухани бай оқырман” атты номинациялармен марапатталды. Барша қатысушы 12 финалистерге Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының (төрағасы Б.Еркінбек) демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды. Осы кәсіподақтың тікелей қолдауымен бүгінге дейін жобаға педагогтер арасында 60 апталық, 15 айлық шығарылымдар, 5-10 сынып оқушылары арасында 33 апталық, 9 айлық шығарылымдар ZOOM платформасы арқылы фейсбук желісінде, орталықтың ютуб каналында тікелей көрсетіліп, таратылды және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кітап оқитын қоғам құрудың басты идеясы – адами құндылықтардан ажырамау. Кітап арқылы келешек ұрпаққа бүгініміз тарих болып жазылып, ертеңге мұра болып қалмақ.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ «KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ «KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ «KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ «KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ «KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ