«Nur Otan» партиясының праймеризі

Құрметті Отандастар!

Құрметті «Nur Otan» партиясының мүшелері!

Мен Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы Еліміздегі жетекші саяси күш болып табылатын «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде праймеризге қатыса отырып, Елбасы мен Қазақстан Республикасының президенті Қ-Ж.Тоқаевтың бастамалары мен жолдауларын белсенді түрде жүзеге асырылуына атсалысатынымды, еліміздің гүлденуі, халқымыздың ынтымағы, әл-ауқатының артуы мен тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына барынша жұмыс жасап, сайлаушылардың сенімін ақтауды өз міндетім деп білемін. Менің сайлауалды бағдарламам төмендегі негізгі мәселелерден тұрады:

– Білім беру саласын өркендетуге, оның ішінде мұғалімдердің беделін арттыру, оқушылардың білім сапасын арттыруға байланысты мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен интернет желісінің жоғары жылдамдықта жұмыс жасауына қол жеткізу (мультимедиялық лингафон, интерактивті тақталар алу және физика, химия, биология, робототехника кабинеттерін толық жарақтандыру), балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбие берумен 100 пайыз қамтамасыз ету;

– Күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге, сондай-ақ қосымша мектеп құрылыстарына тиісті қаржы бөлінуіне ықпал жасау,

– Пандемия кезеңіне байланысты зардап шегіп отырған шағын және орта бизнес өкілдеріне берілетін субсидияның мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жасау;

– Аудан көлемінде шағын және орта бизнеспен айналысатын халық санын қаржылай қолдау және оқыту арқылы олардың үлесін 35-40%-ға дейін көтеруге атсалысу;

– Ауыл әкімдерін әділ түрде сайлауға қол жеткізіп, сол әкімдіктерді қаржыландырудың көлемін арттыруға үлес қосу;

– Экологиялық тұрақтылықты сақтай отырып, табиғаттың қолайлылығын ескере келе туризм саласын жандандыру.

– Мемлекетіміздің әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімділігі бағытында жұмыстар жүргізіп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларды баспаналы болуына атсалысу;

– Алдағы уақытта елді мекендерді толығымен газдандыру жұмыстарының жүргізілуін тездету;

– Елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттерін салу, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медицина мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмек қорын жасақтау, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру арқылы өлім-жітім көрсеткішін барынша азайту;

– Бұқаралық спортты дамыту арқылы ұлт денсаулығын нығайтуға үлес қосу. Ол үшін спорт мектептерінің санын арттырып, тау шаңғысы базасын, жүзу бассейндері мен оқу жаттығу орталықтарын, спорт залдарын, мылтық ату тирлерін, ашық спорт алаңдары мен футбол манеждерін көптеп салу;

– Жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге ықпал жасау;

– Жастарды қажетті мамандық түрлеріне бағыттау арқылы қажетті мамандарды ауылға тарту, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жұмыстарды жандандыру, қосымша оқыту арқылы жастарды толықтай жұмыспен қамтуға ықпал жасау;

– Білім беру ұйымдары жұмыскерлерінің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етіп отырған кәсіподақ өкілі алдағы уақытта халық қалаулысы ретінде ауданның өзге де саласы жұмыскерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына жәрдемдесу;

– Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бағытында ғылыми тұрғыда жергілікті климатқа сай өнім түрлерін өндіру және олар бойынша селекциялық жұмыстарды жолға қою.

Менің өмірлік ұстанымым – айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету. Сіздердің сенімдеріңіз-менің жауапкершілігім. Мақсатым, сол жауапкершілік жүгін арқалап, міндетерімді абыроймен атқара отырып халықтың алғысын алу.

«Nur Otan» партиясының праймеризі