Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

2017 жыл 01-03 қараша арлығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» мен Қазақстандық педагогикалық академиясы, «Мектеп» республикалық ғылыми-әдіскемелік,педагогикалық журналы бірлесе отырып Тәжірибе аланыңдағы идеялар аукционы: «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» атты үш күндік демалыс-конференциясы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және білім беру ұйымдарының оқытушылары мен 1,2,3,- деңгейдің оқытушы/тренерлерін қатысуымен ұйымдастырылды. Конференцияны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының маманы Қилыбай Бақытжан, Қазақстандық педагогикалық академиясының вице президенті Тамара Махалқызы ашып сәттілік тіледі.Конференцияда «Кәсіби даму:Мұғалімдердің мектеп тәжірибесі» ақыл-ой шабуылы , ұзақ мерзімді жоспар,орта мерзімді жоаспар,қысқа мерзімді жоспар -сабақ жоспары әдістемелік идеялар аукционы , тренинг,коучинг, таныстырылымы болып өтті.Астана қаласынан СТО Халықаралық тренері З.Көпбаева кең ауқымды кездесу-лекциясын өткізді.Осы демалыс-конференциядан қатысушылардың алған әсері көп болды, ойын-сауық кештер ұйымдастырылды, қызықты өткен үш күннің белсенділері анықталып, түрлі марапттармен марапатталса, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен «Білім саласы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Оқу әдістемелік орталықта өткен семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен техникалық инспекторлар қатысты.

Алғашқы хабарламаны жасаған білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбайқызы семинардың барысы жайында айтып өтті. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жайында бейнефильм семинарға қатысушылар назарына ұсынылды. Одан соң баяндама жасаған білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы туралы «Сауран» жалпы орта мектебінің аталған сала маманы Е.Қалекеев баяндама жасап, аталған тақырып төңірегінде жан-жақты айтып өтті. Қорытынды сөзді алған облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Бақытжан Қилыбай «Білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы» туралы әдістемелік көмекке қатысты тың мәліметтермен құлақтандырды. Кәсіподақ комитетінің мамандары Мәрия Кенжебаева мен Фархад Дадабаевтар семинарға қатысты ойларын ортаға салып, кеңестерін жеткізді. Басқосу соңында қатысушылар тарапынан өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды.

Мұндай семинардың ұйымдастырылуы еңбек қауіпсіздігін сақтау мен онда туындаған кейбір мәселелердің оң шешімін табуына және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға мол тәжірибе болып, еңбекті қорғау арқылы сеп болатыны анық.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

АҚМАРАЛ ҒАНИҚЫЗЫ


ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 11:00де Ордабасы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мерекесі «Қарттар күні» және «Еңбек күні» мерекесімен тұспа-тұс келген мерекелер «Мереке» биіменен басталды.

Ұстаз, ұстаз

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әл – Фараби, Ыбырай мен Ақанды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін.

Болсадағы малға кедей өмірде,

Бар байлығын шәкірттерім сен дейтін.

Мерекелермен құттықтап, ыстық ықыласын білдіру үшін аудан әкімі Қайыпжанов Рашид Үсіпханұлын сөз алып, «Алтын той» иелерін жұп ұстаздар, яғни білім саласында бірге еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз, қазіргі таңда немерелерге үлгі болар ардақты ата, аяулы әжелер «Ақбұлақ» жалпы орта мектебінен Сарыбай Тоқтасын ҚаржаубайұлыТөлегенова Үмігүлсім Сейітбекқызын, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінен Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы-Көкішова Айымгүл Сейітқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінен Нүриддін Шәмшіұлы-Сәрсенбаева Күләнда Омарбекқызын және бірқатар үздік ұстаздарды марапаттады. /фотолар қоса тіркелді./ Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» Ордабасы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» үздік ұстаздарды марапаттады.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Алтын той» иелері

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің үздік ұстазы Әбіләз Нұрлан Кәрібайұлы марапатталуда.

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Болашақтың басшысын да, данасында, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-дейді халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы.

Ізгі ниетін білдіру үшін, арнайы қонақ ретінде шақырылған ОҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Маханова Замира Сабекқызы ауданымыздағы ұстаздық қызмет Атасынан баласына, қызына, келіні, немересіне жалғасып келе жатқан еңбек өтілдері 200 жылдан асқан отбасылық 6 ұстаздар әулетін /тізімі қоса тіркелді/ және А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінен 63 жасқа толған ұстаз Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен, «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасынан зейнетке шығатын тәрбиеші Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен «Қызылжар» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, 60 жасқа толған мерейтой иесі Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттады. /фото қоса тіркеледі/

Педагогтар әулеті

Аты-жөні

Мекеменің

атауы

Еңбек өтілі

1

Омаш Шапай әулеті С.Сейфуллин ат. жом

201

2

Омарбек Әбілдә«Төрткүл» жом

255

3

Искендиров Нурман«Темірлан» жом

249

4

Құралбаев ПатсаҚ.Мүсірепов ат.жом

355

5

Ысқақов СұлтанАбай ат.жом

346

6

Сейітқұлов ШүкірқарыЕ.Ерназаров ат.жом

480

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

480 жылдық педагогикалық өтілі бар Сейітқұлов Шүкірқары әулетінің өкілі байырғы ұстаз Құнанбай Шүкірқарыұлы марапатталуда.Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Педагогтар әулетінің өкілдері

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын марапаттау сәті.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын, Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттау сәті.

Мерекенің шырайын «Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері мерекелік құттықтау «Ұстаз -Ана» әніменен көріктендірді.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері

«Ұстаз бақыты-озып тұрған шәкірті»-дегендей аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлы бірқатар үздік ұстаздарды Томанова Ақмарал Кайшымовна – «Кәусар» гимназиясының мұғалімі Ш.Уалиханов ат жом мұғалімі Медеубекова Жұпар Сапарбековнаны, М.Исламқұлв ат.жом мұғалімі Пирманов Дилмухаммад Накибековичті, аудандық білім бөлімінің әдіскері Рендибаева Сабира Убайдуллаевнаны, Амангелді ат.жом мұғалімі Аухатова Гүлзейнетті марапаттап, мұғалімдік мамандықты таңдап, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға еңбек кітапшасын тапсырды.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлының марапаттаған бірқатар ұстаздарОрдабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Педагогикалық еңбек жолын бастаған жас мамандар аудандық мәслихат хатшысы Баймахан Қожатайұлымен.

Ардагерлерін ардақтап, қарияларын құрметтіп өскен елміз. Ертең 1- қазан Қарттар күні. Бұл бізге үлгі – өнеге болған аға – апаларымызға ізгі ниетіміз бен сый – құрметімізді көрсететін мереке. Мерекенің қадірлі қонақтары, 20 Ардагер ұстаздарымызды құттықтаумен қатар бүгінгі күні зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққалы отырған Турмаганбетов Оралбай Махамбеткулович, Қайырбек Балтабай Алдамжарұлы, Есетова Камила Ахатаевна, Медетова Сауле Зулпыхаровна, Толганбаева Куралай Жубаевна, Қонысбаева Жанат Серикбаевна, Тайтелі Рахима Сахқызы, Жәңгір Палайым Полытханқызы ұстаздарымызға Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіхайымұлы құрметпен еңбектің зейнетін көруді тілеп, марапат жасады.

Гүлге оранып өтті кеше көктеміңіз,

Ұстаз болып еңбек етіп көктедіңіз.

Зиялы жан бірі едіңіз құтты болсын,

Зейнеткерлік жасқа бүгін жеткеніңіз.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Ардагер ұстаздарды марапаттау сәті

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Тұран Әбдіхайымұлының зейнетке шыққан ана-тәрбиеші Камила Ахатаевнаны марапаттау сәті.

Жиын барысында аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы сахна төріне шығып 50,55,60 жасқа толған мерейтой иелерін құттықтап, «Әріптес туралы сыр» тақырыбында өткен шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Мерейтой иелеріОрдабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Әріптес туралы сыр» аудандық байқауының жеңімпаздары Ұлғаным Әріпханқызы, Түймебай Ұлжан Бексейітқызы, Ербосынова Үрзия Сейітжаппарқызы, Дүйсенбі Қалия Сұлтанбекқызы,

Әбдіхадырова Халима Тоқашқызы

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Үздік ұстаз-2017» иегері

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Үздік ұстаз-2017» иегерлері Эшмат Айгуль Курабаевна, Өтебек Ақмарал Ыдырысқызы, Омарова Гүлнұр Абдижаппаровна, Омарова Гүлназ Айтбекқызы комитет төрағасы Әлдібек Шынасылұлыменен.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

60 жасқа толған мерейтой иелері

Ә. Еспаевтың «Ұстазым» әні алғашқы ұстаздарға арналғанымен, әлі күнге үлкен – кіші буынның аузынан түспей айтылып келеді. Шәкірттердің ұстазына деген алғысы, сағыныш. Бұл әнді барлығыңыз да жақсы білесіздер. Мерекелік жиын үш буын өкілдерінің орындауында «Ұстазым» әніменен мәресіне жетті.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

«Ұстазым» әніменен үш буын өкілдері.

Мұғалім күні

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-і күні Мақтарал ауданында Мұғалімдер күні мерекесі, қарттар күні және Еңбек күні мерекелеріне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шара өтті Аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен салтанатты жиынға аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.   Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ғалым Исмаилов арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады.

Мұғалім күні Мұғалім күні Мұғалім күні

 Сонымен қатар, іс-шараға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің маманы Б.Қилыбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасов, аудандық мәслихат хатшысы М.Жәлменшиевтер қатысып, ардақты мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтады.

Мұғалім күні

Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекелік кеште еңбек өтілі 494 жылды құрайтын Қарабековтар әулеті марапатталды.   «Ұстаздар күні жалпы ұстаздарымызға, ардагерлерімізге, педагогикалық мамандықты таңдаған жалпы халыққа бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Елдің, халықтың абыройына бөлене берсін.  Еліміздің болашақтарын жетілдіріп, өсіруде еңбек етуден тайынбасын!» – деді  Мақтарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы Пернебек Бахтияров.   Мерекелік жиында мектептердің  өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.

Мұғалім күні Мұғалім күні

Түркістандағы іс-шара

Қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі еңбек күнімен қоса, қазан айының алғашқы аптасындағы қарттар мерекесін атап өту арқылы еңбек адамдарына құрметті арттырып, қариялардың мерейін үстем ету мақсатында қасиетті жұма күні Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. «Үшқоңыр» мейрамханасында қолға алынған шараға еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар мен билік басшылары, ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері және жас мамандар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Өткізілген ісшарада ардагерлерге «Құрмет» гүлі ортаға кіргізіліп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Замира Сабекқызы және қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы алғашқы сөзді алып, барша еңбеккерлерді төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің басшысы Бекарыс Шойбеков, «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмасбек Темірбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Зуппархан Чалданов, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбаева, қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова, қалалық Славян және Түрік этно-мәдени орталықтарының жетекшілері Александра Пудовкина мен Яша Идрисов, ардагер ұстаздар, Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Таскүл Махмутова, Роза Шарафиева, Ергеш Диметовтер де сөз алып, мереке иелеріне жылы лебіздерін білдірді. Бүгінде Түркістан өңірінде, оның ішінде білім саласында белсенді қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан абыройлы ақсақалдарымыз, көнекөз қарияларымыз, абыз ардагерлеріміз мереке қарсаңында бір марқайып қалатыны жасырын емес. Кезінде қолдарына қалам алып, бар ғұмырын шәкірт жолында сарп еткен ұлағатты ұстаздардың өлшеулі еңбектері қашанда ұшан-теңіз құрметке лайық. Осы мақсатта «Ұстаздар» диаспорасы да марапаттан тыс қалмады. Оларға қаржылай сияпаттар көрсетілді. Сонымен қатар, көп балалы аналар, зейнет жасына жетіп құрметті зейнеткерлікке шығып отырған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да сый-сияпатқа ие болды. Жас мамандарға да еңбек кітапшасы тарту етіліп, көптің қошеметіне бөленді.  «Еңбек адамының ынтасын арттырып, мәртебесін өсіретін мерекенің аға буын мен жастардың арасында үлкен мектеп тәрізді мәні бар. Өткенді таразылап, болашаққа бағдар жасап, нық қадам басу жолында бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қарттарымыздың өнегесі мол»-дейді Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбайқызы. Мерекелік кеште әдемі әндер әуелеп, балабақша бүлдіршіндерінің өнерлері көрсетілді. Кеш соңында барлық жиынға қатысушыларға заттай сыйлықтар табыстылып, құрмет арта түсті.

Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара Түркістандағы іс-шара

Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын»

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы (Облыстық кәсіподақ комитеті) «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді.

Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын» Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын»

Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, озат мұғалімдер, педагогтар әулеті, жас мұғалімдер мен студенттер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектептер директорлары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

«Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне арналған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Ж.Жантөреева, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы А.К.Мамытбеков, ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, М. Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Ж.Айменов, ОҚ мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры М.Байғұтова, білім саласының ардагерлері – Б.Көмекбаева, С.Барахова, Р.Қожамжарова, А.Искаков, А.Кокишева және т.б., салалық кәсіподақтардың облыстық ұйымдарының басшылары қатысты.

Мерекелік іс-шараның басталуы алдында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жиынға қатысушыларға арнап флешмоб көрсетті, қатысушылар облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық ұйымдарының қызметі жайлы дайындалған бейнефильмді тамашалады.

Мерекелік іс-шарада білім саласының ардагері С.Барахова қатысушыларды «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерімен құттықтап, озат ұстаздарға ОҚО әкімінің Грамоталарын, «Алғыс хаттарын» тапсырды.

Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын» Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын»

ОҚО кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова үздік ұстаздарға облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгілері мен Құрмет грамоталарын тапсырды және педагогтық әулеттерге, соның ішінде Шымкент қаласынан Каримкуловтар әулеті, 35 мұғалім –педагогикалық еңбек өтілі 708 жыл, Отырар ауданынан Бабашовтар әулеті, 29 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 687 жыл, Арыс қаласынан Жүнісовтар әулеті, 32 мұғалім – педагогикалық еңбек әулеті 603 жыл, Кентау қаласынан Керімбековтер әулеті, 29 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 562 жыл, Сайрам ауданынан Кувашевтар әулеті, 22 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 535 жыл және еңбек өтілі 400 жылдан асқан басқа да педагогикалық әулеттерге, барлығы 10 әулетке марапаттар мен сыйлықтар және «Алтын той» иелері – Бәйдібек ауданының ұстаздары, ауданның «Құрметті азаматтары», 3 қыз бен 2 ұл тәрбиелеген, ардагер ұстаздар Омарбеков Мамырхан мен Әбдуаитова

Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын»

Әзираға гүл дестелерін, мерекелік белгілер мен құттықтаулар, сыйлықтар тапсырып, көтермелеу жасады.

ОҚО білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, үздік ұстаздарға облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлесіп берілетін Құрмет грамоталарын табыстады.

«Еңбек адамын жырлаймын» мерекесінде «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева ардагер ұстаздарға, ОҚО еңбек инспекциясының басшысы А.К.Мамытбеков жас мамандарға, білім саласының ардагері Б.Көмекбаева озат ұстаздарға марапаттар тапсырды.

ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә.Қарабеков Қазақстан-

дық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төс белгілері мен Құрмет грамоталарын тапсырды.

Мұғалімдік еңбек жолын жаңадан бастаған жас ұстаздарға еңбек кітапшалары беріліп, ұстаздық қызметін адал атқаруға ант беру рәсімі өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларға концерттік бағдарлама көрсетілді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы.

Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын» Оқиға «Еңбек адамын жырлаймын»

 

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен

«10- Маусым Қазақстан кәсіподақтары күніне» байланысты 10.06.2017ж.күні Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан кәсіподақтарының 112 жылдық мерейтойына орай 500-ден астам облыс кәсіподақ қозғалысының жетекшілері мен ардагерлері,кәсіподақ активі,облыстық және қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері, облыс және қала тұрғындарының қатысуымен мерекелік іс шара болып өтті . Құттықтау сөзін жеткізген ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр, қоғамның тұрақты дамуы мен кәсіподақтың нығаюына сүбелі үлес қосқан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық және Мақтарал аудандық төрағалары облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитетінің төрағасы Асильбаева Гульжан Қазақстан Республикасы ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының «Алтын жүрек»медалімен марапатталды. ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Қарабеков Ғани Әжединұлы ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә.Құсайыновтың мерекелік құттықтауын оқып берді.Құрметке лайықты еңбек және кәсіподақ қозғалысының 13 арагерлеріне сый-сияпат,қошемет көрсетті.Сондайақ ҚР кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі

үшін» белгісімен және ҚР кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен білім ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандық төрағалары Қазақстан Республикасының салалық кәсіподақтарының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен білім саласынан 2 кәсіподақ белсендісі,Қазақстан Республикасының салалық кәсіподақтарының Құрмет грамотасымен білім саласынан 3 және ОҚО кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен 6 адам марапатталды.

Облыстық білім саласының майталманы еңбек ардагері Барахова Сайлаукүл Жаппарқызы барша қонақтарды мерекемен құттықтап, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ОҚО ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің белгісімен білім саласынан 5 адамды және «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ОҚО ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен 5 адамды марапатталды.

Салтанатты жиналыста «Ең үздік әлеуметтік әріптес»,«Жанашыр басшы», «Ең үздік кәсіподақ жетекшісі», «Жылдын үздік мектебі» ,«Жылдын үздік ұстазы»,«Жылдын үздік сынып жетекшісі»,«Жылдын үздік тәлімгері»,«Жылдын үздік оқытушысы», «Үздік кәсіподақ ұйымы» деген аталымдар(номинациялар) тапсырылып ,шипажайға тегін жолдама берілді.

Сонымен қатар 18 мерейтой иелері және мереке қарсаңында дүниеге келген 22 білім саласының кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсету де назардан тыс қалмады.

«Отан-отбасынан басталады» дегендей адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарыта білу және отбасылық беріктікті сақтау арқылы еліміздің өркендеп-өсуіне септігін тигізуде үлгі боларлық педагогтар отбасылары да 5 жұп мерекенің сәнін кіргізді. Оларға мейрамхаға кешкі асқа билеттер берілді.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы З.Маханова қасиетті Рамазан айымен құттықтап мерекені ұйымдастыруға атсалысқан ОҚО кәсіподақтар орталығының,салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің жетекшілеріне, аппарат қызметкерлеріне, сондай-ақ барынша қолдау көрсетіп,ұйымшылдық танытқан білім саласы кәсіподағының аудандық, қалалық филиалдарының төрағаларына шексіз ризашылығын білдірді. «Адам баласының әрбір игі ісі еселенеді, ал игі іс үшін берілетін ең аз сый он есе болады!»-деп түйіндеген З. Маханова 3 балалар үйіне ақшалай қаражаттың септификаттарын тапсырды.

Салтанатты жиын соңы облыстық саз колледжі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен

Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж.

Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің бас есепшілерімен аппарат мамандарының қатысуымен семинар болып өтті . Семинар барысында,Кәсіподақ қоғалысы туралы бейнебаян көрсетіліп, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы ,Жергілікті кәсіподақтар туралы.Кәсіподақ ұйымдарындағы қаржы жұмысы , Кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы және кәсіодақ ұйымдарындағы іс-қағаздар жүргізу және есеп берудің түрлері,Әлеуметтік әріптестік,Екі жақты келісім мен Ұжымдық шарттар ,Кәсіподақ органдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары туралы мәселелер айтылып,талқыланды.Семинар қатысушыларына күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша анықтамалық құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар және кәсіподақ жетекшілеріне көмек ретінде,қажетті құжаттар енгізілген диск таратылды.

Семинар соңында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова кәсіподақ комитетінің мерейтой иелерін және туылған күн иелерін құттықтап,бағалы сыйлықтар тарту етті.

Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж.

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен»

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен» жалпы орта мектебінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне,атқару комитетінің мүшелері,облыстық аппарат қызметкерлері және аудандық,қалалық кәсіподақ комитет төрағалары қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінің күн тәртібінде:

  1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының Еңбек тәртіптемесі қағидалары жобасы туралы .
  2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы туралы.
  3. Келес аймақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Қырғызәлиевтің үстінен жазылған арызды тексеру қорытындылары туралы.
  4. Облыстық кәсіподақ комитетінің істер номенклатурасы туралы.
  5. Облыстық кәсіподақ комитеті аппараты қызметкерлерінің атқаратын қызметтік міндеттері жайлы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық комитет төрағасы З.Маханова, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 және 63 бабтарының талаптарын негізге ала отырып,жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары және еңбек қатнастарын реттеудің өзгеде мәселелерін белгілеу мақсатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің Еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту туралы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне ұсыныс білдірді.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов сөз алып, аудандық,қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларына жергілікті жерлерде талқылау жүргізіп тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.

Кеңейтілген мәжіліс соңында облыстық комитет төрағасы З.Маханова, ер азаматтарды 7 Мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап бағалы заттармен сый-құрмет жасады.

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен» 05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен»

1 21 22 23