Кәсіподақтар күні тойланды.

Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 10-маусым «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай 7-ші маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет сарайында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы арнайы қатысып білім қызметкерлерін арнайы мерекемен құттықтап,аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Файзуллаева Роза Айтбайқызы және Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дінтайұлы Тұмартай марапатталып,арнайы сый-сияпаттар тапсырылды.Сондай-ақ аудандық маслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Бейімбетұлы кәсіподақ мүшелерін мерекелерімен құттықтап аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен», «Суындық» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Данеш Нәлібайқызы марапатталып,арнайы сый-сияпат жасалынды. 00Сонымен қатар салтанатты жиында Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы мерекелік құттықтау тілегімен қатар білім саласында қызмет жасап келе жатқан бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттап,мерекелік сыйлықтар табыстады.Атап айтқанда «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы – І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры,Шаймерденов Талғат Атажанұлы -А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» Даубаева Қаракөз Анарбекқызы – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Бахатаев Бекжан Көпжасарұлы – М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Сағындықова Ұлбосын Сүлеймановна – «Айшуақ» бөбекжай бала бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,Изетуллаев Батырхан Ыдырысұлы – Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері марапатталды.Салтанатты жиынның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты

Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды.

Отрар

Отырар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті 11 маусым 2018 жылы «Кәсіподақтар күнін» салтанатты түрде атап өтті.  Жиынға 110 адам шақырылды.Шақырылған кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдар қатысты.  Шақырылған  кәсіподақ мүшелері мен  кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдарға  заттай сыйлықтар берілді.Барлығы 25 кәсіподақ мүшелері марапатталды. Жиынға Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары,аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қос мереке!!!

Қос мереке!!!

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен  2018 жылдың 09 маусым күні сағат 21.00-де   Темірлан елді мекенінде орналасқан «Мирас» салтанат сарайында «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесі қасиетті рамазан айына тұспа-тұс келуіне орай бірінші бөлімі  ауызашар ретінде аудан имамы шақырылып, ауыз ашу дұғасы оқылып, уағыз айтылды және ақшам намазы оқылды. Екінші бөлімі салтантты жиынға ұласты. Жиынға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, 10 ардагер ұстаздар, жұмыс берушілер мен БКҰ төрағалары, ораза ұстаған кәсіподақ мүшелері қатысты.

Салтанатты жиынды ардагер ұстаздар Сейтхан Тасболатов пен Мәрия Зәйтүнқызы және аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, аудан әкімінің алғыс хатымен 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша елеулі еңбектерімен республика мен облыста үздік деп танылған 5 мұғалім марапатталды.

 

Жиынды өз құттықтау сөзімен облыстық кәсіподақ комиетінің төрағасы Бақыт Сейтжаппарұлы мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Замира Сабековна жалғастырып, «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен

Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызын, әдіскері, БКҰ-ның төрағасы Сағынбек Ақмарал Мизамидинқызын, әдіскерлер Бәкір Тамара Бахрамқызын,Омарова Гульназ Айтбековнаны, Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің  педагог-психологы,  зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Досмағанбет Бағдагүл Жүнісқызын, Ш.Уалиханов атындағы  жалпы орта мектебінің мұғалімдері Арипова Сәрсенкүл Қойшытайқызы мен Тасбулатова Кулаш Ертаевнаны, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Алиакбарова Райхан Аширепхановнаны  «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен және Ордабасы аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Изтаев Жандар Пантайұлын құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Сонымен қатар, 2018 жылдың 14-сәуір күні Қазығұрт ауданының Шарапхана ауылында «Ұлы шаңырақ» демалыс аймағында өткізілген «Наурыз» тойында белсенділік танытқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен

  1. Шыршықбаева Нұржамал Ізбасарқызы-аудандық оқушылар үйінің директоры,
  2. Татпенова Қарлығаш Сейітханқызы-«Жұлдыздар мекені» б/б меңгерушісі,
  3. Исабеков Қасиет Қойшыманұлы – Абай ат.жалпы орта мектебінің мұғалімі

және   құрмет грамотасымен      

 

  1. Әбдібек Шырынкүл Берікқызы – «Самал» б/б меңгерушісі,
  2. Жүніс Перизат Бегманқызы-«Бүлдіршін» б/б меңгерушісі,
  3. 2. Искакова Асемкул Мырзабековна – «Ай-Ару» б/б әдіскері,
  4. Бейсенбай Берік Сағатбекұлы- Ордабасы аудандық мәдениет үйінің қызметкері мараптталды.

Ары қарай, білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағанбетқызы биылғы  оқу жылында зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан кәсіподақ мүшелерін марапаттап сыйлықтар табыс етті.

Қорытнды құттықтау сөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әлдібек Шынасылұлына беріліп, 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік ұстаздар білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен

  1. Тасбауова Назифа Кенесовна– М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі,
  2. Оразбай Ғани Қалмұрзаұлы-«Жусансай» жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі,
  3. Достаева Меруерт Ерболгановна-Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі,
  4. Иманбет Күлсия Мұсақұлқызы – «С.Ысмайлов» атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі,
  5. Жора Дариға Тәженқызы-«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімін марапаттады.

 

Комитет төрағасы жиынның қадірлі қонақтары ардагер ұстаздарды  отырған орнында комитет атынан алғыс хат пен гүл шоқтарымен құттықтап және жиынға қатысушы барлық кәсіподақ мүшелеріне «сәресі» таратылды.

Мерекелік салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, өз мәресіне жетті.

 

Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!!

БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

                           «БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ»

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «10-маусым Қазақстандық кәсіподақтар күніне» мұғалімдер арасында салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада 2018 жылдың 30 мамыр  күні Ленгір қаласындағы №2,  №4 және №7 мектептердің спорт базасында өткізілді. Ашылу салтанатында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қырбасов Нұрлан, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қурманалиев Мадияр ағаларымыз сөз алды. Сөзінде жарысқа қатысушыларға саттілік тілеп,  спорттың адам өміріне пайдасы зор екендігін, сондай-ақ ұйымдастырған кәсіподақ комитетіне алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы сөз алып, спартакиада мұғалімдер арасында  волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, арқан тартыс, кіші футбол спорт түрлерінен  өтетіндігін және алқа мүшелерін таныстырды.

Мектеп қабырғаларында «10 маусым Қазақстандық кәсіподақтар күні»

деген көрнекіліктер ілініп, саз әуендері ойнап тұрды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Құлманов Сайлау ағамыз сөз алып, жарыстың тартысты, қызықты ойындар болғанын, алқа мүшелерінің әділ бағалағанын атап айтты. Жарыс соңында жеңген командалар марапатталып, сыйақылар алды. Мерекеміз жылдан жылға жақсы деңгейде өте берсін деген жақсы тілектер айтылды.

1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2018 ж. «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы №3 балалар үйінде «Күн сөнбесін» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлымен  Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі Ващенко Валентина Максимовна қатысып, жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап сыйлықтар табыстады.

Шардара

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ күніне» орай, 2018 жылы 28 мамыр күні Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясында «Кәсіподақ күніне» байланысты жиналыс өтті.

Жиналысқа аудандық білім қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары, мектеп директорлары, зейнеткер ұстаздар, кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің маманы Н.Ахметқұлов баяндама жасады, ол 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы айтып, «Үздік еңбек инспекторы», «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Рәміздер-Отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты өлең байқаулары өткізілгендігін айтып өтті.

Спорт түрлері волейболдан, стол теннисінен және дойбыдан спорттық жарыстар өткізілді.

Барлық жарыс жеңімпаздарына марапаттар тапсырылды.             Жиналыс соңында  «Үздік кәсіподақ ұйымының мүшелеріне»,  Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұманның мақтау грамоталары табыс етілді.

Мектеп өнерпаздары қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.

Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара

Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова  атындағы  №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында

Семинар Астана

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова атындағы №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға белгіленген міндеттер жөнінде Ордабасылықтар алдында есеп берді. Жиналысқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғынбеков арнайы қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Рашид Үсіпханұлы былтырғы атқарылған тірліктерді тізбектеп, көпшілікті алға қойылған міндеттермен таныстырды.
Жалпы ауданның 2018 жылға арналған бюджет көлемі 16 млрд. 004 млн. теңге болып бекітілді.Ауылшаруашылық саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 36 млрд. теңгеге, егістік жерлердің көлемін 54 200 гектарға жеткізіп, қосымша 1000 гектарға ұлғайту, жылыжай көлемін қосымша 16 гектарға, қарқынды бау көлемін 187 гектарға ұлғайту, сондай-ақ «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басын 6583 басқа арттыру межеленуде. Бөген ауыл округінен «Қарабала» шаруа қожалығымен, Бөржар ауыл округінен «Миграж Б» ЖШС-гі мал бордақылау алаңын 1000 басқа ұлғайтуды және Қарақұм ауыл округінен «Сәтті жол-1» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ет өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда. Ағымдағы жылы 6 канал облыстық бюджет есебінен механикалық тазалаудан өткізіледі. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 17 млрд. 934 млн. теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индекісі 105 пайызға арттыру көзделуде. Қазақ-Түрік индустриялды аймақта орналасқан, индустрияландыру картасы аясында құны 7 млрд. 025 млн теңгені құрайтын 3 жобаны, 190 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс саласында Теспе, Береке ауылдарынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, Арыстанды, Ордабасы ауылдарынан 200 орындық жалпы орта мектеп құрылыстары басталады. Коммуналдық сала бойынша Арыстанды, Боралдай, Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Ықыластемір және Теспе ауылдары табиғи газбен қамтылып, Темірлан ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен аудандық бюджет есебінен жалпы 455 млн. 694 мың теңгеге аудан бойынша ішкі көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ауданның Құрметті азаматы Қойшыбай Әріпбаев аудан басшысының есебіне қанағаттанғанын айта келе, ауданда ет пен тері өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарын ашылса деген өтінішін жеткізді. Ал, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы жас отбасылар мен жас мамандарға берілетін коммуналды үйлердің қатары артса деп ұсыныс айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Замира Маханова “Балапан” бағдарламасымен жұмыс жасап отырған балабақшаларға бөлінетін қаржы мәселесін көтерді.
Басқосуды қорытындылаған Әуелхан Елтайұлы ауданда тындырылған тірлік бар екенін, әйтсе мұнымен шектелмеу қажеттігін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғындарды жұмылуға шақырды. Әсіресе кәсіпкерлік пен өндіріс саласын жетілдіру елді жетістікке жеткізетінін тілге тиек етті.

Депутаттармен кездесу

Ордабасы ауданында ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Оспанов Берік Серікұлы, Ахметов Сапар Қайратұлы,Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу өтті. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Маханова мәжіліс депутаттарына :

-балабақша қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы төлеу;

-төменгі топтағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру;

-мемлекеттік сатып алу заңы бойынша: ықтимал берушілердің өнімдерін сапасына қарай санаттарға бөліп,тапсырыс берушінің есепшотындағы қаражатына сәйкес сапалы тауар таңдауына мүмкіндік туғызатын жүйе жасалынса;

-үй-жайды жылытуға біржолғы берілетін қаржының республикалық бюджеттен берілуіне ықпал ету туралы сұрақ қойды.

Бұл мәселелердің маңызды екенін ескеріп,мәжіліс депутуты Ф.А. Қаратаев сұрақтарды өзінің жеке электронды почтасына жолдауды сұрады.

Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу

1 22 23 24 25 26