БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

                           «БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ»

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «10-маусым Қазақстандық кәсіподақтар күніне» мұғалімдер арасында салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада 2018 жылдың 30 мамыр  күні Ленгір қаласындағы №2,  №4 және №7 мектептердің спорт базасында өткізілді. Ашылу салтанатында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қырбасов Нұрлан, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қурманалиев Мадияр ағаларымыз сөз алды. Сөзінде жарысқа қатысушыларға саттілік тілеп,  спорттың адам өміріне пайдасы зор екендігін, сондай-ақ ұйымдастырған кәсіподақ комитетіне алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы сөз алып, спартакиада мұғалімдер арасында  волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, арқан тартыс, кіші футбол спорт түрлерінен  өтетіндігін және алқа мүшелерін таныстырды.

Мектеп қабырғаларында «10 маусым Қазақстандық кәсіподақтар күні»

деген көрнекіліктер ілініп, саз әуендері ойнап тұрды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Құлманов Сайлау ағамыз сөз алып, жарыстың тартысты, қызықты ойындар болғанын, алқа мүшелерінің әділ бағалағанын атап айтты. Жарыс соңында жеңген командалар марапатталып, сыйақылар алды. Мерекеміз жылдан жылға жақсы деңгейде өте берсін деген жақсы тілектер айтылды.

1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2018 ж. «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы №3 балалар үйінде «Күн сөнбесін» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлымен  Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі Ващенко Валентина Максимовна қатысып, жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап сыйлықтар табыстады.

Шардара

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ күніне» орай, 2018 жылы 28 мамыр күні Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясында «Кәсіподақ күніне» байланысты жиналыс өтті.

Жиналысқа аудандық білім қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары, мектеп директорлары, зейнеткер ұстаздар, кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің маманы Н.Ахметқұлов баяндама жасады, ол 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы айтып, «Үздік еңбек инспекторы», «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Рәміздер-Отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты өлең байқаулары өткізілгендігін айтып өтті.

Спорт түрлері волейболдан, стол теннисінен және дойбыдан спорттық жарыстар өткізілді.

Барлық жарыс жеңімпаздарына марапаттар тапсырылды.             Жиналыс соңында  «Үздік кәсіподақ ұйымының мүшелеріне»,  Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұманның мақтау грамоталары табыс етілді.

Мектеп өнерпаздары қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.

Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара Шардара

Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова  атындағы  №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында

Семинар Астана

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова атындағы №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана Семинар Астана

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға белгіленген міндеттер жөнінде Ордабасылықтар алдында есеп берді. Жиналысқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғынбеков арнайы қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Рашид Үсіпханұлы былтырғы атқарылған тірліктерді тізбектеп, көпшілікті алға қойылған міндеттермен таныстырды.
Жалпы ауданның 2018 жылға арналған бюджет көлемі 16 млрд. 004 млн. теңге болып бекітілді.Ауылшаруашылық саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 36 млрд. теңгеге, егістік жерлердің көлемін 54 200 гектарға жеткізіп, қосымша 1000 гектарға ұлғайту, жылыжай көлемін қосымша 16 гектарға, қарқынды бау көлемін 187 гектарға ұлғайту, сондай-ақ «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басын 6583 басқа арттыру межеленуде. Бөген ауыл округінен «Қарабала» шаруа қожалығымен, Бөржар ауыл округінен «Миграж Б» ЖШС-гі мал бордақылау алаңын 1000 басқа ұлғайтуды және Қарақұм ауыл округінен «Сәтті жол-1» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ет өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда. Ағымдағы жылы 6 канал облыстық бюджет есебінен механикалық тазалаудан өткізіледі. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 17 млрд. 934 млн. теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индекісі 105 пайызға арттыру көзделуде. Қазақ-Түрік индустриялды аймақта орналасқан, индустрияландыру картасы аясында құны 7 млрд. 025 млн теңгені құрайтын 3 жобаны, 190 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс саласында Теспе, Береке ауылдарынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, Арыстанды, Ордабасы ауылдарынан 200 орындық жалпы орта мектеп құрылыстары басталады. Коммуналдық сала бойынша Арыстанды, Боралдай, Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Ықыластемір және Теспе ауылдары табиғи газбен қамтылып, Темірлан ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен аудандық бюджет есебінен жалпы 455 млн. 694 мың теңгеге аудан бойынша ішкі көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ауданның Құрметті азаматы Қойшыбай Әріпбаев аудан басшысының есебіне қанағаттанғанын айта келе, ауданда ет пен тері өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарын ашылса деген өтінішін жеткізді. Ал, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы жас отбасылар мен жас мамандарға берілетін коммуналды үйлердің қатары артса деп ұсыныс айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Замира Маханова “Балапан” бағдарламасымен жұмыс жасап отырған балабақшаларға бөлінетін қаржы мәселесін көтерді.
Басқосуды қорытындылаған Әуелхан Елтайұлы ауданда тындырылған тірлік бар екенін, әйтсе мұнымен шектелмеу қажеттігін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғындарды жұмылуға шақырды. Әсіресе кәсіпкерлік пен өндіріс саласын жетілдіру елді жетістікке жеткізетінін тілге тиек етті.

Депутаттармен кездесу

Ордабасы ауданында ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Оспанов Берік Серікұлы, Ахметов Сапар Қайратұлы,Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу өтті. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Маханова мәжіліс депутаттарына :

-балабақша қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы төлеу;

-төменгі топтағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру;

-мемлекеттік сатып алу заңы бойынша: ықтимал берушілердің өнімдерін сапасына қарай санаттарға бөліп,тапсырыс берушінің есепшотындағы қаражатына сәйкес сапалы тауар таңдауына мүмкіндік туғызатын жүйе жасалынса;

-үй-жайды жылытуға біржолғы берілетін қаржының республикалық бюджеттен берілуіне ықпал ету туралы сұрақ қойды.

Бұл мәселелердің маңызды екенін ескеріп,мәжіліс депутуты Ф.А. Қаратаев сұрақтарды өзінің жеке электронды почтасына жолдауды сұрады.

Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу

Семинар

12.12.2017 – 05.01.2018 ж.күндері ОҚО кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Аудандық,қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандары,студенттік кәсіподақ комитеттері төрағалары мен облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу-семинар болып өтті.Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова ашып беріп,барлық семинарға қатысушыларды

16-Желтоқсан ҚР тәуелсіздік күнімен және Жаңа жыл мерекесімен

бейнебаян көрсетіліп,құттықтады.

Семинарда:

  1. Облыстық кәсіподақ комитетінің қозғалысы туралы бейне фильм .
  2. ҚР Еңбек Кодексін практика жүзінде қолдану.
  3. Азаматтардан жазбаша және ауызша келіп түскен арыз,шағымдармен жұмыс жүргізу туралы
  4. Жастар кеңесінің жұмысы туралы
  5. Көпшілік ұйымдастыру жұмыстары және статистикалық есептер туралы
  6. ҚР кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ» республикалық байқауына қатысу туралы
  7. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы .Техникалық инспектордың жұмысын жүргізу тәртібі туралы тақырыптар қамтылды.Семинар соңында кәсіподақ белсенділері және мерейтой иелері марапатталды.

Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі.

2017 жылғы 28 қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісіне облыстық комитет мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық кәсіподақ ұйымы құрамындағы оқу орындары мен білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ активі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма маманы Б.Нұрмаханов, ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ. Асанұлы қатысты.

Кәсіподақ комитеті мәжілісі алдында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бейнеролик көрсетілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Маханова Замира Сабековна жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ комитеті мәжілісінің күн тәртібі:

  1. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі облыстық комитетінің 2016-2017 жылдардағы жұмысы жайлы есебі, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың жайы және алдағы міндеттер туралы».
  2. Баяндамашы – облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова.
  3. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы.

Баяндамашы

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісінде сөйлегендер: Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма маманы Б.Нұрмаханов , ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы, Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов, Облыстық кәсіподақ комитеті мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Мәжіліс соңында кәсіподақ белсенділеріне марапаттар тапсырылды:

  • облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» ұсынылғандарға;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалдері;
  • «Жемқорлыққа жол жоқ» плакат байқауы жеңімпаздарына.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі.

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

2017 жыл 01-03 қараша арлығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» мен Қазақстандық педагогикалық академиясы, «Мектеп» республикалық ғылыми-әдіскемелік,педагогикалық журналы бірлесе отырып Тәжірибе аланыңдағы идеялар аукционы: «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» атты үш күндік демалыс-конференциясы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және білім беру ұйымдарының оқытушылары мен 1,2,3,- деңгейдің оқытушы/тренерлерін қатысуымен ұйымдастырылды. Конференцияны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының маманы Қилыбай Бақытжан, Қазақстандық педагогикалық академиясының вице президенті Тамара Махалқызы ашып сәттілік тіледі.Конференцияда «Кәсіби даму:Мұғалімдердің мектеп тәжірибесі» ақыл-ой шабуылы , ұзақ мерзімді жоспар,орта мерзімді жоаспар,қысқа мерзімді жоспар -сабақ жоспары әдістемелік идеялар аукционы , тренинг,коучинг, таныстырылымы болып өтті.Астана қаласынан СТО Халықаралық тренері З.Көпбаева кең ауқымды кездесу-лекциясын өткізді.Осы демалыс-конференциядан қатысушылардың алған әсері көп болды, ойын-сауық кештер ұйымдастырылды, қызықты өткен үш күннің белсенділері анықталып, түрлі марапттармен марапатталса, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас

1 24 25 26 27