Ұстазға құрмет!

Шардара қаласындағы Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебінде ” Ұстаздар күні ” мерекесінің қарсаңында аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен үлкен шығармашылық кеш өткізілді. Ақын , сазгер , ұлағатты ұстаз , мектеп директоры Нұрғали Ыбырайым Сәкүнұлының 63- жасқа толған мерей тойына арналды. Аудандық кәсіподақ ұйымынын төрағасы Ұлықбек Назарұлы құттықтау тілегін айтып , облыстық кәсіподақ ұйымының “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер ” төсбелгісін табыстады. Мерекелік кеш мұғалімдер мен оқушылар арасында “Нұрғали оқулары ” ақындар байқауына ұласты. Кәсіподақ ұйымының ұйымдастырған іс- шарасына ауыл билері , ата -аналар ұйымы , қауымдастық өкілдері жергілікті баспасөз “Өскен өңір ” , “Шартарап – Шарайна ” газеттерінін тілшілері қатысты . Кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ауыл биі Байділла Рахматуллаев аудандық кәсіподақ ұймының жұмысына зор баға беріп , алғысын білдірді.

Ұстазға құрмет! Ұстазға құрмет!

Сайлануға- сай бол!

21.09.2018ж.күні Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу-семинар болып өтті.
Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып беріп, семинарға қатысушыларға алдағы есеп беру қайта сайлау жиналыстарын өткізуде жауапкершілік танытып, тианақты дайындалып жоғарғы деңгейде өткізуді ұсынды.
Төраға орынбасары А. Абуов бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру қайта сайлау жиналыстарының өткізілу мерзімдерін,күндерін айтып,алдағы науқанда барлық төрағаларға еңбектерінде сәттілік тіледі.

Семинарда:

1. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізу туралы.
Абуов А. – облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары.

2. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізу жөніндегі
нұсқаулық.
Турманова А. – облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.

3. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізге дайындық туралы.
Корганбаев Ж. – облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.

4. Кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізуді жүргізу тәртібі
туралы.
Қилыбай Б. – облыстық кәсіподақ комитетінің маманы.

5. Семинардың жұмысын қорытындылау.
Еркінбек Б. – облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы.

тақырыптар қамтылды. Оқу –семинар барысында облыстық комитет қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарында есеп беру қайта сайлау жиналысын өткізу туралы толық түсіндіріп,семинар барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.Семинар соңында Жол- көлік колледжінің қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ешимов Р.А. облыстық кәсіподақ комитетінің ұжымына алғысын білдірп,алдағы болатын есеп беру қайта сайлау жиналысының қарсаңында ұйымдастырылған семинар өте орынды болғанын айтып оң бағасын берді.

Сайлануға- сай бол! Сайлануға- сай бол! Сайлануға- сай бол! Сайлануға- сай бол!

«Тілім- тәуелсіздіктің тірегі» мерекесі!

Бір шаңырақ аясында , бірлікпен татулықты ту еткен 130-астам ұлт және ұлыс өкілдері мекендеген еліміз Қазақстан – көп ұлтты мемлекет , достықтың алтын тұрағы.Сайрам ауданында 56 ұлт өкілі бар, 8 ұлттық этно-мәдени орталық белсенді жұмыс атқарып келеді. 18.09.2018 ж. Сайрам ауданының 90 жылдығы аясында «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесіне орай Сайрам аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, аудандық білім беру басқармасмен бірлесе отырып «Тілім- тәуелсіздіктің тірегі» атты мерекелік іс- шара өткізді. Іс –шараға аудан тұрғындары, мектеп басшылары , мектеп мұғалімдері, аудандағы колледждердің педагогтары және 11- сынып оқушылары қатысты. Ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерейлі мерекемен құттықауға және тіл жанашырларын марапаттауға сахна төріне аудан әкімі Мамаев Б.С. шақырылды. Марапат алушылардың ішінде аудан мектептеріндегі басқа ұлт мұғалімдері қазақ тілі мамандары болды. «Қазақстан халқы тілдері» мерекесімен барша аудан жұртшылығын құттықтауға аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Сейдалиева С.А. шығып,өз сөзінде: « Әрбір тіл өзінің халқы үшін –ұлы! Себебі, біз өзгелерге жан толғанысымызды, ішкі тебіренісімізді, бар сезімімізді, ұғымтал, ұшқыр ойларымызды тілдесу арқылы жеткіземіз. Түптеп келгенде жер бетіндегі барша тіршілік иелері өзінше ұғысады. Яғни, тіл –адамдар арасындағы қарым-қатынастың , дүние танудын негізгі құралы достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін»деп құттықтауын білдірді.
Артынша сахнада Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері, № 25 Д.Қонаев атындағы колледж студенттері, № 1 Балалар саз мектебінің өнерпаздары, «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің оқушылары қазақ, өзбек,күрді, татар, орыс, әзербайджан, кәріс т.б. ұлттардың билерін орындап, әндерін айтты.

Лагерь

2018 жылдың 15-19 маусым күндері аралығында  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Кәсіподақ жастар қозғалысы – Рухани жаңару мен жаңғыру жолында» атты жас кәсіподақ көшбасшыларының және жас ұстаздардың республикалық жазғы лагері өтті. Лагерге  Түркістан облысының атынан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы,республикалық жастар комиссиясының мүшесі Қорғанбаев Ж.А., М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхтаров Д.Б., Бәйдібек ауданы «Күлтөбе» негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Көбеева А. ,сонымен қатар
Қазақстанның барлық аймағынан кәсіподақ жастары мен жас ұстаздар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғарғы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттік кәсіподақ жетекшілері қатысты.Сонымен қатар Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Ш.Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мәжіліс залында өткен республикалық жас ұстаздардың жазғы лагерінің салтанатты ашылуынан соң қатысушылар Ақтау қаласының киелі де қасиетті жерлерін аралап, тарихымен танысты.
Лагерьдің екінші күні жастар кәсіподақ төрайымы Майра Амантаевамен «Еркін  кездесу» форматында өткен басқосуда пікір алмасу өткізіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Майра Тұрғанқызы өз сөзінде еңбек етуші және студент жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар Кәсіподақтың жастар саясатының негізгі міндеттері болып анықталғанын, олар біздің даму жоспарымызда, салалық облыстық, аудандық келісімдер және ұжымдық шарттарда қарастырылғанын, сонымен қатар, жас жұмыскерлердің заңнамалық құқықтары мен кепілдіктері былтыр қабылданған Келісімде бекітілгенін баса айтты.
Үшінші күні лагерь демалушылары 4 топқа бөлініп, әр топ жұмысшы жастардың әлеуметтік, мәдени дамуына, спортпен шұғылдануына, жастарға тәрбие мен білім беру, кәсіподақ жұмысына жаңа формалар мен тәсілдер енгізу, қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру, жастардың әлеуетін кәсіподақ ұйымдары және оның мүшелері үшін пайдалануға жәрдем ету мәселелерін талқылады. Семинар барысында Кәсіподақ төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашеваның «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы – республикадағы азаматтық қоғам институты іспетті» дәрісі, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы,жастар комиссиясының төрайымы  Әбиева Әлия Әділханқызының «Дау-жанжалдардың алдын-алу » және ҚР жастар саясаты саласындағы ұлттық тренерлер пулының мүшесі Еркебұлан Күнтуғанның  «Өзін-өзі жетілдіруді жақсартуға арналған коммуникативтік қасиеттерді дамыту» тақырыбындағы жүргізген дәрістерін ерекше атап өту керек.
Лагерьдің негізгі мақсаты болып табылатын – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар жастардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалу деңгейін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіруді жастардың өзіне жүктеді. Осылайша, дәстүрге айналған үшінші жазғы лагерь қорытындыланып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, үздік деп танылып, белсенділік көрсеткен жастарға Кәсіподақ төрайымы атынан Алғыс хаттар берілді.
ЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерьЛагерь

“Кәсіподақтар күні” кең көлемде тойланды.

“Кәсіподақтар күні” кең көлемде тойланды.

“10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары” күні мерекесі 2015 жылы 10 маусымда өткен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының ХХIV съезінің шешімімен қабылданып, жылда тойланып келеді.

Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінде 132 бастауыш кәсіподақ ұйымы нәтижелі жұмыс жасап келеді. Кәсіподақ мүшелерінің саны 10 мыңға жуықтады. Айта кетуіміз керек, осынша мүшелеріміз ортақ келісіммен ынтымақта еңбек етіп келеді.

Аталмыш мереке Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағында жан-жақты аталып өтілді.

№141 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің думан залына кәсіподақ жетекшілері, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ белсенділері мен еңбек ардагерлері салтанатты жиынға шақырылды.

Аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы С.Жиенбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы салалық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Үсіпбеков, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтер  жиналғандарды мерекемен қызу құттықтап, еңбек озаттары мен кәсіподақ қозғалысының белсенділерін марапаттады.

Зейнеткерлікке шықса да Кәсіподақпен етене араласып, мол тәжірибелерімен бөлісіп жүрген еңбек ардагерлері Н.Қорабаев (Қ.Сәтбаев БКҰ), И.Байдыбекова (Панфилов БКҰ), Н.Әбітхан (Ұлықбек БКҰ), Қ. Ерменов (С.Мұқанов БҚҰ), Т.Көкетаевтар (Білім бөлімі БКҰ) “Кәсіподақпен бірге 50 жыл” белгісі және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының өткізген “Кәсіподақ” республикалық байқауына қатысып, облыста бірінші орын алған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Абдрахимоваға арнайы вымпель, Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

“Ғ.Мұстафин” мектебі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Қалыбаева “Қазақстандық салалық кәсіподақ” қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен, С.Байғозиев мектебі кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Тоқсанбаев “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

Кәсіподақтағы жемісті еңбектері үшін бір топ мекеме басшылары, кәсіподақ жетекшілері мен кәсіподақ мүшелері облыс, аудан әкімдерінің, білім бөлімі мен облыстық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің “Құрмет грамоталарымен” марапатталды.

Мерейтой иелері, 50 жасқа толған Б.Тұрлыбекова (№135 мектеп директоры) Сламов Н. (Ғабдуллин жом директоры), А.Әдісбаев (Елшібек батыр жом. кәсіподақ жетекшісі), Н.Жаппар (№142 жом кәсіподақ жетекшісі), А.Мамедалиев (Ж.Сүлейменов жом. кәсіподақ жетекшісі) диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Салтанатты жиында аудандық мәдениет бөлімінің этно-фольклорлық халық аспаптар ансамблі, №1,№3 саз мектебінің қызметкерлері мен “Төле би” мектебінің оқушысы А.Тұрарбек өнер көрсетіп, халықтың ризашылығына бөленді.

Мерекенің жалғасы 10 маусым күні Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебінің спорт алаңында жалғасты.

“Кәсіподақтар күні және Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған “Кіші футболдан” ұйымдастырылған спорт жарысына 7 команда қатысты.

Тартысты сайыста тәрбие істері бойынша директорлар орынбасарлары “Қыран” командасы І орынға ие болды. Аудандық білім бөлімі есеп бөлімінің “Бухгалтерия” командасы екінші орынға, мектеп директорларының “Арай” командасы үшінші орынға ие болды. “Үздік шабуылшы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік қақпашы”, “Ең үздік мерген” номинациялары бойынша да, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, дипломдар берілді.

Осылай “Кәсіподақтар күні” мерекесі ауданда кең көлемде тойланды.

"Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды. "Кәсіподақтар күні" кең көлемде тойланды.

Кәсіподақтар күні тойланды.

Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 10-маусым «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай 7-ші маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет сарайында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы арнайы қатысып білім қызметкерлерін арнайы мерекемен құттықтап,аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Файзуллаева Роза Айтбайқызы және Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дінтайұлы Тұмартай марапатталып,арнайы сый-сияпаттар тапсырылды.Сондай-ақ аудандық маслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Бейімбетұлы кәсіподақ мүшелерін мерекелерімен құттықтап аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен», «Суындық» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Данеш Нәлібайқызы марапатталып,арнайы сый-сияпат жасалынды. 00Сонымен қатар салтанатты жиында Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы мерекелік құттықтау тілегімен қатар білім саласында қызмет жасап келе жатқан бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттап,мерекелік сыйлықтар табыстады.Атап айтқанда «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы – І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры,Шаймерденов Талғат Атажанұлы -А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» Даубаева Қаракөз Анарбекқызы – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Бахатаев Бекжан Көпжасарұлы – М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Сағындықова Ұлбосын Сүлеймановна – «Айшуақ» бөбекжай бала бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,Изетуллаев Батырхан Ыдырысұлы – Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері марапатталды.Салтанатты жиынның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты

Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды. Кәсіподақтар күні тойланды.

Отрар

Отырар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті 11 маусым 2018 жылы «Кәсіподақтар күнін» салтанатты түрде атап өтті.  Жиынға 110 адам шақырылды.Шақырылған кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдар қатысты.  Шақырылған  кәсіподақ мүшелері мен  кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдарға  заттай сыйлықтар берілді.Барлығы 25 кәсіподақ мүшелері марапатталды. Жиынға Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары,аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қос мереке!!!

Қос мереке!!!

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен  2018 жылдың 09 маусым күні сағат 21.00-де   Темірлан елді мекенінде орналасқан «Мирас» салтанат сарайында «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесі қасиетті рамазан айына тұспа-тұс келуіне орай бірінші бөлімі  ауызашар ретінде аудан имамы шақырылып, ауыз ашу дұғасы оқылып, уағыз айтылды және ақшам намазы оқылды. Екінші бөлімі салтантты жиынға ұласты. Жиынға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, 10 ардагер ұстаздар, жұмыс берушілер мен БКҰ төрағалары, ораза ұстаған кәсіподақ мүшелері қатысты.

Салтанатты жиынды ардагер ұстаздар Сейтхан Тасболатов пен Мәрия Зәйтүнқызы және аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, аудан әкімінің алғыс хатымен 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша елеулі еңбектерімен республика мен облыста үздік деп танылған 5 мұғалім марапатталды.

 

Жиынды өз құттықтау сөзімен облыстық кәсіподақ комиетінің төрағасы Бақыт Сейтжаппарұлы мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Замира Сабековна жалғастырып, «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен

Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызын, әдіскері, БКҰ-ның төрағасы Сағынбек Ақмарал Мизамидинқызын, әдіскерлер Бәкір Тамара Бахрамқызын,Омарова Гульназ Айтбековнаны, Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің  педагог-психологы,  зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Досмағанбет Бағдагүл Жүнісқызын, Ш.Уалиханов атындағы  жалпы орта мектебінің мұғалімдері Арипова Сәрсенкүл Қойшытайқызы мен Тасбулатова Кулаш Ертаевнаны, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Алиакбарова Райхан Аширепхановнаны  «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен және Ордабасы аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Изтаев Жандар Пантайұлын құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Сонымен қатар, 2018 жылдың 14-сәуір күні Қазығұрт ауданының Шарапхана ауылында «Ұлы шаңырақ» демалыс аймағында өткізілген «Наурыз» тойында белсенділік танытқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен

  1. Шыршықбаева Нұржамал Ізбасарқызы-аудандық оқушылар үйінің директоры,
  2. Татпенова Қарлығаш Сейітханқызы-«Жұлдыздар мекені» б/б меңгерушісі,
  3. Исабеков Қасиет Қойшыманұлы – Абай ат.жалпы орта мектебінің мұғалімі

және   құрмет грамотасымен      

 

  1. Әбдібек Шырынкүл Берікқызы – «Самал» б/б меңгерушісі,
  2. Жүніс Перизат Бегманқызы-«Бүлдіршін» б/б меңгерушісі,
  3. 2. Искакова Асемкул Мырзабековна – «Ай-Ару» б/б әдіскері,
  4. Бейсенбай Берік Сағатбекұлы- Ордабасы аудандық мәдениет үйінің қызметкері мараптталды.

Ары қарай, білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағанбетқызы биылғы  оқу жылында зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан кәсіподақ мүшелерін марапаттап сыйлықтар табыс етті.

Қорытнды құттықтау сөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әлдібек Шынасылұлына беріліп, 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік ұстаздар білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен

  1. Тасбауова Назифа Кенесовна– М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі,
  2. Оразбай Ғани Қалмұрзаұлы-«Жусансай» жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі,
  3. Достаева Меруерт Ерболгановна-Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі,
  4. Иманбет Күлсия Мұсақұлқызы – «С.Ысмайлов» атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі,
  5. Жора Дариға Тәженқызы-«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімін марапаттады.

 

Комитет төрағасы жиынның қадірлі қонақтары ардагер ұстаздарды  отырған орнында комитет атынан алғыс хат пен гүл шоқтарымен құттықтап және жиынға қатысушы барлық кәсіподақ мүшелеріне «сәресі» таратылды.

Мерекелік салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, өз мәресіне жетті.

 

Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!! Қос мереке!!!

БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

                           «БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ»

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «10-маусым Қазақстандық кәсіподақтар күніне» мұғалімдер арасында салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада 2018 жылдың 30 мамыр  күні Ленгір қаласындағы №2,  №4 және №7 мектептердің спорт базасында өткізілді. Ашылу салтанатында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қырбасов Нұрлан, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қурманалиев Мадияр ағаларымыз сөз алды. Сөзінде жарысқа қатысушыларға саттілік тілеп,  спорттың адам өміріне пайдасы зор екендігін, сондай-ақ ұйымдастырған кәсіподақ комитетіне алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы сөз алып, спартакиада мұғалімдер арасында  волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, арқан тартыс, кіші футбол спорт түрлерінен  өтетіндігін және алқа мүшелерін таныстырды.

Мектеп қабырғаларында «10 маусым Қазақстандық кәсіподақтар күні»

деген көрнекіліктер ілініп, саз әуендері ойнап тұрды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Құлманов Сайлау ағамыз сөз алып, жарыстың тартысты, қызықты ойындар болғанын, алқа мүшелерінің әділ бағалағанын атап айтты. Жарыс соңында жеңген командалар марапатталып, сыйақылар алды. Мерекеміз жылдан жылға жақсы деңгейде өте берсін деген жақсы тілектер айтылды.

1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2018 ж. «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы №3 балалар үйінде «Күн сөнбесін» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлымен  Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі Ващенко Валентина Максимовна қатысып, жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап сыйлықтар табыстады.

1 33 34 35 36 37