«Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара

МӘЛІМЕТ

 

2021 жылдың 30 қыркүйегі күні Мақтаарал ауданының адами  әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №52 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен  және аудандық кәсіподақ комитетінің  қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара өтілді. Аталмыш  іс-шарада мектеп директоры Ж.Айнабекова мен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Т.Бектурганов мектеп ұжымын келе жатқан мерекелермен құттықтап, ұстаздар қауымының кәсіби төл мейрамы қарсаңында шығармашылықпен көзге түскен мұғалімдерді Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының атынан берілген Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Атап айтқанда, патриоттық тақырыпта және ұстаздар туралы әндер шырқалды. Мектептің би үйірмесінің белсенділері өз өнерін көрсетті. Жас мамандар тарапынан сахналық қойылымдар көрсетілді. Мерекелік концертке арнайы шақырылған бір топ ардагер ұстаздар кешті қорытындылап, өз кезегінде құттықтау лебіздерін білдірді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Дайындаған: Т.Бектурганов

87753576000

«Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара

«Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті.

«Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті.

 

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» жылдағы дәстүр бойынша «Мұғалімдер күні» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Оқушылардың асфальт бетінде салған суреттерін тамашалаумен басталған іс-шара қолөнер шеберлерінің көрмесіне ұласты.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Облысымыздың ардагер ұстаздарына гүл шоқтары табысталды. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының (төрағасы Б.Еркінбек) өкілдері, аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары да мерекелік жиынға қатысып, осы облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан ұсынылған бірқатар үздік педагогтар облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», облыстық мәслихаттың грамотасымен және «Nur Otan» партиясының алғысымен марапатталды. Атап айтқанда:

Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Төлеби ауданындағы «Диханкөл» жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Сыздықов, Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Абдиев марапатталса, облыс әкімінің «Алғыс хатына» Түркістан қаласы «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі А.Абуталипова ие болды. Сондай-ақ, Түркістан облысы мәслихатының грамотасы Бәйдібек ауданы Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары С.Базарбеков, Ордабасы ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ш.Қойжігіт, Кентау қаласы А.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінің мұғалімі Б.Нұрмаханбетовке табысталды. Ал, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Алғысымен» Қазығұрт ауданы «Қақпақ» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Медетовке, Мақтаарал ауданы №16 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Устенов марапатталды.

Меркелік іс-шараның соңы өнер иелерінің концертімен өз жалғасын тапты.

«Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Атқару комитетінде маңызды мәселелер қаралды.

 

2021 жылғы 22 қыркүйек күні  «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ. Жолаев, басшының орынбасары А.Садықова, бас маманы Қ.Арап қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс алдында Б.Еркінбек облыстық кәсіподақ комитеті филиалдарының жаңа төрағаларын кәсіподақ активіне таныстырды: Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спарханов, Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбекова және Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Төрежанова.

Кәсіподақ активі әріптестерін жылы қарсы алды.

Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, ол көпшілік дауыспен бекітілді.

Күн тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау және түсіндірме жүргізу, іске асыру жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары туралы.
  2. Облыстық кәсіподақ комитетінің 2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары туралы.
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұғалімдердің облыстық спартакиадасын өткізу туралы.
  4. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылған жұмыстары жайлы.
  5. Облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауының жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау және көтермелеу шаралары туралы.
  6. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» жаңа мерзімге енгізілетін кандидатуралар туралы.
  7. Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуы жайлы Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары туралы.
  8. Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев баяндама жасады.

Жолдауды талқылау бойынша Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев,  Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р. Сайлауұлы, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев сөйлеп, Президент Жолдауын насихаттау, ел арасында түсіндірме жасау және іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

  1. «Облыстық кәсіподақ комитетінің 2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары туралы» Ғ. Ақбердиев хабарлама жасады. Ағымдағы жылдың 9 айында облыстық кәсіподақ комитеті және оның 16 филиалы 103 мың кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарының бұзылуы жөніндегі жазбаша, ауызша және телефон арқылы айтқан өтініштері бойынша 478 түсіндірме берілді, арыздар бойынша 47 тексеру, бұзушылықты ретке келтіру жүргізілді. 19 адам өзінің жұмысына қайта алынды. Қыркүйек айында 29 педагогтың сағат жүктемесі, 7 мұғалиманың бала күтімінен кейін жұмысқа қайта тұруына байланысты мәселелері оң шешімін тапты. Жалақы, еңбек демалысы, қосымша ақылар бойынша педагог қызметкерлерге 37 млн. теңге ақысы өндіріліп берілді.
  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұғалімдердің облыстық спартакиадасын өткізу туралы мәселе бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап хабарлама жасап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша өткізіліп отырған спартакиаданың ережесімен, өткізу және марапаттау, республикалық спартакиадаға қатысу тәртібі жайлы түсіндірме берді. Мәжіліске қатысушылар облыстық спартакиада және оның аймақтық іріктеу кезеңі мен тәртібі, облыстық жарыс  жеңімпаздарының республикалық жарысқа қатысуына байланысты ұйымдастыру мәселелері бойынша  өздерінің  ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтты.

4-5. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылған жұмыстары жайлы және облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауы жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау және көтермелеу шаралары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Ан Л.И. хабарлама жасады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспарына» сәйкес, облыстық кәсіподақ комитеті бүгінгі күнге дейін кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары және кәсіподақтың ішкі жұмыстары бойынша  әдістемелік көмекші құрал ретінде 24 бюллетень шығарды. Тәуелсіздік күні мерекесіне дейін жоспарға сәйкес барлығы 30 бюллетень жарық көретін болады. Облыстық кәсіподақ комитетінің 1991 -2021 жылдар аралығындағы жұмысы туралы 20 минуттық бейне ролик дайындалды. Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесіп ауданның білім беру ұйымдарының тәуелсіздік жылдары кезеңіндегі дамуы мен өркендеуі, озат мектептер мен үздік мұғалімдер жайлы «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы – кәсіподақ» тарихи-танымдық энциклопедиялық кітабын шығарды.  Арыс қалалық  және Төлеби аудандық кәсіподақ комитеттері де Тәуелсіздік мерекесіне орай білім беру мекемелерінің дамуы, үздік педагогтар жайлы кітаптарды дайындауда. Олар таяу уақытта жарық көретін болады. Тәуелсіздік мерекесіне байланысты алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы кәсіподақ активі хабардар етілді.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауы ұйымдастырылып, «Мұғалімдер күні» мерекесінде қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздарға байқауға белсенді қатысқандар үшін – бағалы сыйлықтар, дипломдар, Алғыс хаттар беріледі.

  1. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» жаңа мерзімге енгізілетін кандидатуралар туралы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай хабарлама жасады. Облыстық «Құрмет тақтасына» енгізілетін кандидатуралар талқыланып, бекітілді.
  2. Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуы жайлы Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары туралы аудандық кәсіподақ комитеттерінің жетекшілері – С.Әмзеева, Ұ.Жұман және С.Мұсақұлов мәлімет берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев басқарма мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарын Мақтаарал, Келес, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Жолдасовқа, Н.Артықовқа, Р.Сайлауұлына, Д.Әбішевке және Ұ.Жұманға тапсырды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Мақтаарал ауданындағы негізгі және жалпы білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныпта оқитын ұл-қыздарына арналған мектепке қажетті сумка мен оқу құралдарын табыстау жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Атқару комитетінің мүшелері Ә.Аяпов, Т.Ниязбеков, Г.Орақбаева, Д.Дүрменбаевтар қатысып, негізгі және жалпы білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында жалпы 44 «Алтын алқа» мен 144 «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарында оқитын 330 ұл-қыздарына мектеп сумкасы мен оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Марапаттау

Түлкібас аудандық  адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудан мектептері мен балалар бақшасының кәсіби мамандықтары бойынша жеткен жетістіктері үшін тамыз конференциясы аясында Абай атындағы мектеп-лицейінде марапаттау өткізілді.

Марапаттауға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбеков, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев қатысып, Қазақстан Республикасы білім министірлігінің, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің “Құрмет грамотасы” және алғыс хаттары мен білім саласы қызметкерлерін тиісті бағалы сыйлықтармен марапатады.

Марапаттау Марапаттау Марапаттау Марапаттау Марапаттау

БЕРЕКЕЛІ БІРЛІК ПЕН ЕСЕЛІ ЕҢБЕК БАСТАМАСЫ Жолдасов А

Жолдауға – қолдау!

 

БЕРЕКЕЛІ  БІРЛІК  ПЕН  ЕСЕЛІ  ЕҢБЕК  БАСТАМАСЫ

 

1 қыркүйек – Білім күні  мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси ахуал орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады.

Бұл жолы мемлекет басшысы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігіне кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететінін де атады.

Қазақстан халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау – ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын айқындап берді. Жалпы алғанда  жеті бөлімнен, бес бастамадан тұратын бұл саяси құжат  қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, мәдени қызметкерлердің, мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, сонымен қатар, қызметіндегі орын алатын өзгерістер мен жаңалықтарды жүйелі бағыттап берді.

Білім беру бағытын айқындаған үшінші бөлімде педагогика саласының қызметкерлерінің статусының көтерілгенін, мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан әр үш жыл сайын өткізу керектігін, пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесінде пайда болған кемшіліктерді түзеу іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігін,  еліміздің білім жолындағы жетістігін халықаралық деңгейде дәлелдеген дарынды оқушыларға қолдау көрсетілетіндігін, балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу маңыздылығын, ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою маңыздылығын, сондай-ақ, мектептердегі орын тапшылығын мектеп салу арқылы шешу керектігін атап өтіп, жүйелі де жоспарлы жұмыстарды орындауға тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық білім беру мекемелеріне дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды.

Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе –ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. 2022 жылдың қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түседі дегім келеді. Біз, білім беу саласының қызметкерлері,  еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып еңбек етуді басты парызымыз деп санаймыз!

Ел президенті өз жолдауының түйінін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті. Қазіргідей жаңғырған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін ашық жеткізді.

Біз, мақтааралдықтар, ел басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауда айтылған барлық игі бастамаларды қолдаймыз!

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты,

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы

Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы

 Жолдасов Алданияз Бастарұлы

 

БЕРЕКЕЛІ БІРЛІК ПЕН ЕСЕЛІ ЕҢБЕК БАСТАМАСЫ Жолдасов А

 

Семинар – Кеңес

Семинар – Кеңес

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің оқу-әдістемелік орталығында карантин талаптарын сақтай отырып, 75 жалпы орта мектептердің комитет төрағаларымен аймақтық Семинар-Кеңестер өткізді.

Семинардың күн тәртібінде:

  1. Апталық оқу жүктемелерінің бөлінуіне бақылау жасау;
  2. Кадр қабылдауда заңдылықтың сақталуы туралы;
  3. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жоспарланған іс-шараларға дайындық туралы;
  4. Үлгілі бастауыш кәсіподақ ұйымы байқауына дайындық туралы;
  5. Ұлт болашағының бастауы мектеп, арқауы кәсіподақ атты шығарылған кітапты таныстыру, тарату қаралды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөзі.

Семинар - Кеңес Семинар - Кеңес Семинар - Кеңес Семинар - Кеңес Семинар - Кеңес Семинар - Кеңес

Семинар кеңес

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 тамызы күні  аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ төрағаларымен семинар өтілді.  Жиын барлық карантиндік талаптарды қатаң түрде сақтай отырып ұйымдастырылды. Бастауыш кәсіподақ төрағаларын округ бойынша екіге бөліп  жинап өту қарастырылды. Аталмыш семинардың мақсаты  – білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік кеңестердің және еңбекті қорғау техникалық инспектордың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау болды. Күн тәртібінде  қаралған мәселелер бойынша барлық баяндамашылар  түрлі тақырыптар аясында, атап айтқанда, білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау өндірістік кеңес туралы, білім беру ұйымдарында еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмыс бағыттары туралы таныстырып, атқарған жұмыстары бойынша да кеңінен баяндалды. Сондай, ақ, Республикалық “Мектепке жол”  акциясы аясында өтілген іс шаралар туралы таныстырылды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөзі.

Семинар кеңес Семинар кеңес Семинар кеңес Семинар кеңес

Төлеби аудандық тамыз кеңесі

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті қатысуымен тамыз кеңесі биылғы жылы дәстүрлі мұғалімдер конференциясы, карантин режиміне байланысты, онлайн форматта ZOOM бейне байланыс конференциясы арқылы  аудандық бастауыш кәсіподақтар арасында семинар кеңесі болды. Семинар кеңесінің күн тәртібі 3 мәселені қамтыды:

  1. Аудандық кәсіподақ комитетінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы.
  2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері.
  3. Әртүрлі мәселелер.

Күн тәртібі баяндалып, Раджу Сайлауұлы 2020-2021 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері жайлы аудандық кәсіподақ комитеті маманы Маккамбаев Сеитқожа баяндап, толықтай айтып өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, жаңадан жұмысқа қабылданғандардың өтініштерін толықтыру, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларына жаңа оқу жылына  хаттама, арыз, сұраныс, тексеру актілерін ретке келтіру қажет екені айтылды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөзі.

 

Төлеби аудандық тамыз кеңесі Төлеби аудандық тамыз кеңесі Төлеби аудандық тамыз кеңесі

«Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері

Осы жылғы 23 маусым күні Сарыағаш қаласында ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарық көрген «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты Сарыағаш ауданының кіші педагогикалық энциклопедияның тұсаукесері өтті.

Атаулы іс шараға ауданның білім беру саласының ардагерлері Сайлаубай Мырзабаев, Рахым Оспанов бастаған  алқалы топ арнайы қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауданымыздың білім беру саласын толық қамтыған педагогикалық кіші энциклопедияның тұсауын кесіп, тарихи-танымдық жинақты қалың оқырман қауымға ұсынды. Мерекелік іс шараны ардагер ұстаз Қазақстан Республикасы Педагогика академиясының профессоры, Өмірәлі Керімбек жүргізіп отырды.

«Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кіші педагогикалық энциклопедияның тұсау кесеріне ардагер педагогтар, ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды. Аталған тарихи-танымдық жинақтың жарық көруіне қолдау көрсеткен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әкімбай Тастанбековке қалың елдің алғысын жеткізді.

Тұсаукесерге «Сарыағаш»  қоғамдық–саяси газетінің редакторы М.Бекей, аудандық «Сәтті» әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталығының редакторы Ж. Есенбеков қатыстып, тарихи-танымдық, кіші педагогикалық энциклопедияның жарық көруі  аудан тарихында елеулі оқиға болғанын атап өтті және жинаққа сәтті сапар тіледі.

Тарихи-танымдық, кіші педагогикалық энциклопедияның жинақтаушы редакторы Асылбек Ақбергенов бұл педагогикалық кіші энциклопедияның шығармашылық топтың ғана емес, жүздеген педагогтардың жылға жуық еткен ерен еңбегінің жемісі екенін атап өтті және әріптестеріне алғысын білдірді.

Іс шара соңында барлық қатысушыларға «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты Сарыағаш ауданының  кіші педагогикалық энциклопедиясы сыйға тартылды.

«Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері

«Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері

«Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы кәсіподақ» атты кітаптын тұсау кесері

1 2 3 4 5 6 27