VI Пленум
Бүгін 2 маусым күні Сарыағаш қаласындағы №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің акті залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің (VI Пленум) кезекті Мәжілісі болып өтті. Пленум мәжілісіне “Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Камалдин Рақымжан және мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде:
1. №61 және №44 Мұстафин атындағы жалпы орта мектептерінің әкімшіліктері мен кәсіподақ комитеттері арасындағы 2023-2025 жылдарға қабылданған “Ұжымдық шарттың” орындалу барысы туралы.
2. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмыстары, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайларын жақсартудағы атқарылған жұмыстары туралы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ақпараты.
Күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде
№61 жалпы орта мектебінің директоры Б.Турлыбекова, кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Беделов, №44 Мұстафин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Х.Жақсыбаева, кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Қалыбаевалардың есебі, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Камалдин, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтердің ақпараттары тыңдалды.
Баяндамашылардың есебінде атқарылған жұмыстар жөнінде, шешілмей келе жатқан проблемалар жайында пікір алмасты.
Түйінді мәселелердің ішінде:
– Білім бөлімінің жанындағы орталықтандырылған бухгалтерияның есепшілері жылына бір рет ұжымдарда есеп беріп тұруы,
– Тарификацияны бірлесе жасау,
– Еңбекке жарамсыздық бойынша бөлінетін қаржыны жалақы мөлшерінде толық беру,
– Бала күтімінде отырған мұғалімдерді тарифке ендіріп, орындарын сақтап қалу, т.с.с. маңызды мәселелер талқыланды.
Мәжіліске қатысушылар тарапынан комуналдық көмекті көтеру, еңбекке жарамсызжық бойынша төленетін қаржыны 15 АЕК емес, толық жалақының мөлшерінде берілуін шешу бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаевқа арнайы хат дайындап жіберу аудандық кәсіподақ комитетіне тапсырылды.
Жиын соңында өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарда белсене қатысқан мұғалімдерге,
50, 60 жасқа толған мерейтой иелеріне, зейнетке шыққан мектеп басшылары мен кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына
“Мәртебе” білім және ғылым саласының кәсіптік одағы” қоғамдық берлестігінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары,
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының “Алғыс хаттары”,
Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісі,
Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Мәжілісте Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Сейтжаппарұлы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, тараптарға қызметкерлердің әлеуметтік – құқықтық мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.